Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстар



бет75/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстар:

  • Жобалау қызметін ұйымдастыру шарттарын анықтау;

  • Модульдік бағдарлама мазмұны мен әдістерін айқындау;

  • Зертхана жұмысының нәтижелік өлшемдерін белгілеу;

Жүзеге асыру кезеңіндегі жұмыстар:

  • жоба жетекшілерін білім берудегі жобалау түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру;

  • жоба жетекшілерін жоба технологиясының алгортмі бойынша дайындау, оны жүзеге асыру, нәтижесін бағалауды үйрету;

  • қатысушыларға білім беру процесіндегі жобалау; түрлі шараларды жобалау; субъектілердің белсенді әрекеттерін жобалау; инновациялық өзгерістерді жобалау технологиялары мен әдістемелерін өз тәжірибелері арқылы меңгеруге мүмкіндік жасау;

  • қатысушыларды өз әрекеттеріне рефлексия жасай білуге үйрету;

  • жобаның тиімділік өлшемдері мен сараптама жасау әдістемесін жасау.

Бағалау, қорыту кезеңіндегі жұмыстар:

  • жобаларды презентациялау, жасалған өлшемдер бойынша бағалау;

  • жоба жетекшілерінің өз ұйымдарындағы өзгерістер динамикасын анықтау;

  • жоба жетекшілерін даярлаудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау;

  • жоба жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.

Жобалау зертханасына қатысушылар – мақсатты түрде дайындалатын жоба жетекшілері, олардың қатарында: білім беру ұйымдары директорлары, директорлардың орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, түрлі деңгейдегі әдіскерлер, университет оқытушылары, бөлім жетекшілері бола алады. Соған орай, зертхананың бағдарламалық модулі білім беруді басқарудағы, әдістемелік жаңартудағы, өздігінен оқыту жобалары, т.б. жобаларды дайындау, құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін бағалау жолдарын үйретуге құрылады.
Зертхана барысында жоба жетекшілерінің жұмыс бағыттарына немесе сұраныстарына қарай (білім беру ұйымын басқаруда, әдістемелік жұмыста, тәрбие жұмысында, оқыту үдерісінде, зерттеу әрекеттерінде, т.б.) мәселелерін анықтау, жоба алды талдау, мақсатты бағдарлы жобалар арқылы өзгерістер ендіру, оларды бағалау құзыреттіліктері өздерінің жобаларын жасау арқылы қалыптасады және тәжірибеде бекітіледі.
Осыған байланысты қатысушылар жобаны дайындауда өздері қызмет істейтін білім беру ұйымдарындағы мәселелерді анықтап, дамыту жолдарын белгілейді. Сөйтіп, олар өз саласын жетілдіру мәселесі бойынша мақсатты бағдарлы жоба тақырыбы таңдалды.
Зертханалар бағдарламасының мазмұнын құрастыру үшін қойылған мақсатқа сай күтілетін нәтижелер айқындалады, олар, мысалы, төмендегі құзыреттіліктер болуы мүмкін:

  1. Білім беру ұйымдарының мәселесін анықтап, оның шешу жолдарын жобалай білу.

  2. Жобаның мазмұны мен ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы оны жүзеге асырылуын қамтамасыз ете білуі;

  3. Оқу, зерттеу, әдістемелік, т.б. жобаларды ұйымдастыра білу;

  4. Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;

Осы бағытта жобалау зертханасы мазмұны не үшін оқыту керек? (мақсаты), нені оқыту керек? (оқыту мазмұны) және қалай оқыту керек? (әдістемесі) сұрақтарға тұтастықпен жауап беретін құрылымы жасалды.
Түрлі педагогикалық жүйелердің басқарушылары болып табылатын жоба жетекшілерін оқыту зертханалары дәстүрлі кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан мүлдем өзгеше, ең басты ерекшелігі–белгіленген мерзімге сабақтан босатуды қажет етпейді, оқыту білім беру ұйымындағы тәжірибемен–педагогтардың негізгі қызметімен–ұштастыра жүргізіледі. Соған орай, оқыту процесі үшін төмендегі ұйымдастырушылық талаптарды алдын ала ескеру қажет.

  1. Жобалау әдістемесін оқыту бағдарламасының модульдік мазмұны белгілеп алу.

  2. Оқыту процесі кредиттік–модульдік жүйеде жасалуы мүмкін, бұл жағдайда жобалық жұмыстар сәйкесінше 40 % теорияны, 60 % өз бетіндік жұмысты құрайды, оның 50 %ы жобалар туралы жеке кеңес беру түрінде жоспарланады;

  3. Оқыту модулі бір оқу жылына жасалып, 1 кредитті құрайтын 45 астрономиялық сағат болып белгіленеді, оның 15 – зертханада, яғни, аудиториялық; 15 сағаты - жобалық немесе өз ұйымындағы практикалық жұмыстардың мен жеке кеңес беру; қалған 15 сағаты-қатысушылардың өз беттерімен жобалар құрастыру мен оны тәжірибеде жүзеге асыруға берілетін сағаттар.

  4. Оқыту зертханалары міндетті түрде қатысушылардың өз жобаларын қорғап, оларды белгіленген өлшемдерге сай бағалаумен аяқталады.

Жобалау зертханаларын ұйымдастырушылар алдында екі жақты міндеттер қойылады, біріншіден, қатысушылардың жобалау әдістемесін меңгеруін, екіншіден, олардың негізгі жұмысындағы мәселені анықтай отырып, оның мақсатты бағдарлы өзгерістерін қамтамасыз ететін жоба ұсынуына жағдай жасау. Осылайша, жобалау зертханаларының құндылығы қатысушыларды жаңа технологиялармен «қаруландырып» жіберуде ғана емес, сонымен қатар, олардың негізгі жұмысында ұйымдастырушылық өзгерістердің болуына ықпал ету болып табылады.
Жобалау зертханалары білім беру ұйымын (оқыту үдерісін, әдістемелік жұмысты, т.б.) сатылық қадамдар бойынша дамыту моделі ретінде жасалып, ондағы әрбір қадамы өзара тікелей байланыстырылды. (Сурет 14). Бұл модельдің алгоритмі төмендегі сатыларды қамтиды:

  1. Жаңа өзгерістерге қажеттік пайда болуы.

  2. Мәселені анықтау.

  3. Бір шешімге келу.

  4. Стратегиялар мен мақсатты көре білу.

  5. Ұжымға өзгерістер мәнін түсіндіру.

  6. Жобалау топтарын құру.

  7. Ынталандыру.

  8. Жетістіктерді байқау.

  9. Жетістіктердің ұйымда бекітілуі.




Cурет 14−Ұйымды сатылық қадамдар бойынша дамыту моделі


( Суреттегі бағыттар кері байланыс сызықтары)

Модульдің сатылары бойынша оқыту жобаның жүйелі алгоритмін құрастыруға және жобаларды практикалық жұмыс ретінде өз ұйымдарында орындауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет