Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет31/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195
кітап тарбие туралы

Негізгі әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә. Әдептану негіздері: Оқу құралы V-VII сыныпта-
рына арналған. – Алматы: Мұраттас, 1997. – 153 б.
2. Жумадуллаева А. Отбасының тәрбие негіздері. – Алматы, 2007. – 146 б.
3. Капралова Р.М. Работа классного руководителя с родителями. – Москва, 1980. – 
193 с.
4. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. – Алматы: Санат, 2000. – 208 б.
5. Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана. – Алматы, 2006. – 198 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ибрайымова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие: пед. ғыл. 
канд. дисс.: 13.00.01. – Тараз, 2007. – 140 б.
2. Кабакова М.П. Психологические методы исследования семьи: Учебное пособие. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 114 с.
3. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. – 
Алматы: Әлем, 2000. – 128 б.
4. Мырзакелді К. Абзалдық әліппесі: Әкесінің өз ұлына өсиеті. – Уроки мудро-
сти: Заповедь отеческая к сыну своему. 2-ое изд.изм. и доп. – Алматы: Әл-Фараби, 
1998. – 224 б.


69
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
1.6. Сыныптағы тәрбие жүйесі
 
Жоспары:
1. Тәрбие жүйесі және сынып же-
текшiсiнiң мiндеттерi.
2. Сынып жетекшiсiнiң жұмысын-
дағы оқушылардың жеке тұлғасын 
қалыптастыру. 
3. Сынып жетекшiсiнiң қызмет-
терi.
4. Оқушылардың сыныптағы іс-
әре кетiн ұйымдастыру.
Негiзгi ұғымдар: сынып жетек-
шісі, ата-аналар комитеті, ұжым, 
қарым-қатынастар, іс-әрекет.
Басқа пәндермен байланысы: 
психология, әлеуметтану, филосо-
фия, басқару теориясы.
1. Тәрбие жүйесі және сынып 
жетекшiсiнiң мiндеттерi. Зерттеу-
лер мен озат педагогикалық тәжiри-
белердiң негізінде ғылыми деректер 
бойынша оқушылардың тәрбиесі, 
тәртібі, мәдениеті, қоғамдық орын-
дардағы өзін-өзі ұстауы, т.б. қадаға-
лауды қажет етеді.
Әр түрлi мектептерде тәрбие 
жүйелері ұжымдық шығармашылық 
жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және 
өндiрiстiк еңбек, тәрбие шараларын 
ұйымдастырудың әр түрлi форма-
ларын енгiзудің (тарихи орындарға 
саяхат, музейге бару, театрлар, көрме-
лер, т.б.) тиімділігі жоғары болып 
табылады. Осылайша, тәрбие жүйе-
сі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие 
жұмысының негізі ретiнде ұжым, 
ұжымдық қатынастар мен қоршаған 
ортаға деген жүйенiң бірлігінен 
тұрады. Кез келген тәрбие жүйесі 
негiзiнде бүтiндей ұжымның тәрбие 
мақсаттарын белгілеуі, танымдық 
іс-әрекет, өзара қатынастар, оқу-
шылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық 
салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы 
ұжымдарды құру мен ұжымдық 
шығармашылық арқылы көрініс та-
бады. Тәрбие жүйесi бiрнеше кезең-
нен тұрады:
• жүйенiң қалыптасуы;
• ұжым іс-әрекетiнiң жүйесi мен 
мазмұнын жасау;
• жүйенi лайықты тәртiп бойын-
ша қалыптастыру, дәстүрлердi сақтау 
мен жаңалықтарды енгiзу.
Тәрбие мақсаттары мәселесiн 
шеш пей, тәрбие жүйесiн құру мүмкiн 
емес, өйткенi бiлiм беру саласындағы 
қызметкер үшiн іс-әрекет, басқа да 
саладағы сияқты, мақсат пен мiндет-
тер арқылы анықталады. Сынып же-
текшiсiнiң мақсаты мен мiндеттерi 
мектептiң тәрбие жұмысының бағ-
дарын ұстанады, сыныптағы тәрбие 
жұмысы мектептiң тәрбие жүйесiнiң 
бiр бөлiгi болып табылады. Қазiргi 
заманғы iзденiстер бойынша тәр-
биенiң мақсатын анықтау мәдениет-
тану бағытында жүргiзiлуде. Бұл 
мәселе бiршама нәтижелi, өйткенi ол 
ұлттық және дүниежүзiлiк мәдениет-
тегi тарихи қалыптасқан рухани құн-
дылықтарға сүйенеді. Тәрбиенiң мақ-


70
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
сатын тек өз халқының ұлттық мәде-
ниетiнiң негiзiнде ғана емес, жалпы 
адамзаттық және адамгершілік, ұлт-
тық құндылықтарды игеру арқылы 
сипатталады. 
Мұғалiмдер ұжымында ортақ мақ-
сат болған жағдайда ғана, әрқайсысы 
оған жету үшiн іс-әрекетке белсен-
дi кiрiскен кезде ғана үлкен нәти-
жеге жету мүмкiндiгi бар. Ұлттық 
мәдениет құралдары арқылы жеке 
тұлғаны қалыптастыру жүйесі:
1. Мектептерде қазақтың дәстүрлі 
мәдениетін тәрбие жүйесінде кеңінен 
насихаттау қажет;
2. Тұлғаның қазақ тілін терең мең-
геруіне қажеттіліктерді күшейту;
3. Қазақ халқының салт-дәстүр-
лерін тәрбие шараларында практи-
калық қолдануы аясын кеңейту:
Ұлттық мәдениетке арналған ар-
найы курстар, факультативтер.
1. Ұлттық мәдениеттi меңгеру-
ге арналған оқушылардың зерттеу 
іс-әрекетi.
2. Ұлттық мәдениеттi меңгерудi 
мақсат еткен үйiрмелер мен клубтар-
дың жұмысы.
3. Ұлттық мәдениеттi меңгеру-
ге арналған сыныптан тыс іс-әрекет 
(сынып сағаттары, жарыстар, мереке-
лер, т.б.).
4. Ұлттық мәдениетпен байла-
нысты лицей дәстүрлерi.
Мектеп өз түлектерінің мәдени 
негiзiнiң қалыптасуына ықпал етедi, 
ол дегенiмiз – мектеп бiтiрушiнiң 
бiлiм мазмұнын, жеке тұлғаның 
өзiн-өзi дамыту факторы. Қойылған 
мақсат тәрбиелiк мiндеттер арқылы 
жүзеге асады. Оларды анықтаудың 
әдiстемелерi бар. Тәрбиелiк мiндет-
тердi ұсынады:
а) тәрбиелеу және дамыту іс-әре-
кеттерiн ұйымдастыру;
ә) ұжымды ұйымдастыру мен 
дамыту;
б) оқушы жеке тұлғасының қа-
лыптасуына көмектесу, оның iшкi 
мүмкіншілігі, 
бейiмдiлiгi, 
мақ-
сат-мүдделерi мен қабiлеттерiн да-
мыту.
Сынып жетекшiлерiнiң іс-әрекетi-
не жасалған әлеуметтiк талдау нәти-
жесiнде оның мiндеттерiн төрт топқа 
бөледi.
Бiрiншi топ – әлеуметтiк мiндет-
тер (балаға көмек, оны әлеуметтiк 
қатынастар жүйесiне енгiзу, жеке 
тұлғаның дамуы мен оның да-
ралығының қалыптасуына тиiмдi 
жағдай жасау, отбасымен және тәр-
бие институттарымен байланысты 
жетілдіру).
Екiншi топ – диагностикалық мiн-
деттер (сыныппен жұмысты дұрыс 
ұйымдастыру үшiн оқушының жеке 
тұлғасы мен ұжымның даму диагнос-
тикасы).
Үшiншi топ – адамгершілік мiн-
деттер (баланың бойында қайырым-
дылық, мейірімділік қасиеттерді 
қалыптастыру).


71
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
Төртiншi топ – даралық-тәжiри-
белiк сипаттағы мiндеттер (оқушы-
лармен жұмыстың нәтижелi пе-
дагогикалық тәсiлдерiн таңдау, өз 
жұ мысын жоспарлау, іс-әрекеттi ба-
қылау мен түзету, рефлексия, т.б.).
Педагогтардың, зерттеушiлер мен 
мұғалімдердің оқушылар ұжымын-
дағы тәрбие жүйесiн ұйымдастыру 
үшін маңызды мiндеттердi бөлiп қа-
рау. Өйткенi оқушы өмiрiнiң барлық 
мүмкіндіктерін сынып жетекшiсi 
мен мектептің тәрбие жұмысы және 
отбасы тәрбиесімен байланысты. Ең 
маңызды мiндеттер:
1. Денсаулық пен салауатты өмiр 
салтын тәрбиелеу;
2. Тұлғаның өнегелiлiк мінез-құн-
дылықтарын жетілдіру; 
3. Баланың бойына бiткен қабiлет-
тiлiгi мен мақсат-мүдделерiн дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет