Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет34/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195
кітап тарбие туралы

4. Оқушылардың сыныптағы 
іс-әрекетiн ұйымдастыру. Сынып 
жетекшiсi негізінен мынадай тұ-
жырым ережелердi ұғынып, түсiнген 
жағдайда ғана тәрбие мiндеттерiнің 
шешiмi нәтижелi болмақ:


74
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
1) тәрбиенің жеке тұлғаға бағыт-
талуы.
2) тәрбие жүйелiк сипатта болу.
3) тәрбие іс-әрекетiнің мақ-
саттарының бiрлiгi, оқушылармен 
жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң өзара 
әрекеттестiгi тәрбие жүйесінiң кепiлi.
4) тәрбие процесі жеке тұлға тео-
риясы мен іс-әрекет теориясына, құн-
дылықтар теориясы мен басқару тео-
риясына сүйенуi қажет. 
Жеке тұлға теориясы арқылы 
мұғалiм оқушының тек тәрбие объек-
тiсi ғана емес, сонымен қатар ол 
іс-әрекеттiң субъектiсi екенiн түсiн-
діредi. Оқушылардың іс-әрекеті бiр-
неше кезеңдерден тұрады: мотивтің 
қалыптасуы – оларды адамгершілік 
түсiнiктерді ұғынуына жағдай жасау; 
мiнез-құлық пен iс-әрекет норма-
ларының қалыптасуы – өз iс-әрекетi-
не қанағаттану. Демек, оқушы жеке 
тұлғасының қалыптасу барысында 
мотив, танымдық, мiнез-құлық, эмо-
циялық сезім құрылымынан тұрады. 
Сынып жетекшiсiнiң іс-әрекетiн-
де басқару теориясының да маңызы 
бар. Ұстаздың негiзгi жұмысы – оқу-
шылардың іс-әрекетiн ұйымдастыру, 
ал ұйымдастыру басқару теория-
сының құрамды бөлiгi болып та-
былады. Оның заңдылықтарын бiлу 
мұғалімдер мен оқушылар арасын-
дағы қатынасты, сыныптағы тәрбие 
жүйесін басқаруға мүмкiндiк бередi. 
Тәрбие жүйесінiң қызметiндегi 
маңыздысы оқушылардың іс-әре-
кетiнiң түрлерін тиiмдi таңдау (тәр-
биелiк шаралар) және оларды өткiзу. 
Адамды қалыптастыратын негiзгi 
іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, 
материалдық еңбек, қоғамдық-пай-
далы жұмыс, бағалау-бағыттау әре-
кетi, ойын іс-әрекетi, қарым-қаты-
нас, спорттық-сауықтыру, көркем-
дiк-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелiк шара-
ларды дайындаудың нәтижелi әдiсiн 
анықтауға мүмкiндiк бередi, олар:
1) тәрбиелiк шаралардың нақты 
бiр формасын таңдау (сынып сағат-
тары, демалыс кешi, т.б.);
2) шаралардың мақсаттары мен 
мiндеттерiн анықтау;
3) белсенді топпен бiрiгiп тәрбие 
жұмыстарын жоспарлау;
4) жұмысты ұйымдастыру мiндет-
терiн белсенді топ мүшелерiне бөлiп 
беру;
5) мерекеге дайындық;
6) сынып жетекшiсiнiң тәрбие 
шараларын дайындауда оқушыларға 
ақыл-кеңес беруi;
7) белсенді топпен бiрiгiп шара-
ларға дайындықты тексеру;
8) оқушылармен бiрiгiп өткiзiлген 
шараларға талдау жасау;
Тәжiрибе көрсеткендей, осы 
ұсынысты қолдана отырып, сыныпта 
осындай тәрбие жұмыстарын өткiзу-
ге болады. 
Сынып жетекшiсiнiң жұмысын-
да сыныппен немесе жеке бiр оқу-
шымен этикалық әңгiме өткiзу ерек-


75
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ше орын алады. Жетілiп келе жатқан 
тұлғаның қиындықтарын адамгер-
шілікпен түсiндiру, ересек адам та-
рапынан көрсетiлген өз мезгiлiн-
дегi моральдық қолдау, оқушы жеке 
тұлғасының қалыптасуына көп әсер 
етуi мүмкiн. Өкiнiшке орай, көбiне-
се этикалық әңгiмелер үгiт-насихат-
пен алмастырылады. Оның орнына 
сынып жетекшісінің өнегелі, тәрбие-
лік маңызы зор әңгіме әдісінің орны 
ерекше болып табылады. Өзінің 
ғылыми еңбектерінде В.А.Сухом-
линский: «Мұғалiмнiң сөзiне, оның 
оқушымен әңгiмесiне зор мән беру 
керек», – деген пiкiрді қуаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет