Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


Автор: Тал үстіндегі бала өз ісінің  әбестігі үшін ұялып, балалардан ке- шірім сұрайды.  Бүлдіршін



Pdf көрінісі
бет151/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   195
кітап тарбие туралы

АвторТал үстіндегі бала өз ісінің 
әбестігі үшін ұялып, балалардан ке-
шірім сұрайды. 
Бүлдіршін:
Балалар, мені кешіріңдерші, 
Мен енді мұндай іс жасамаймын.
Мені де өз қатарларыңа қосыңдар!
Тал: Балалар, сендер мен туралы 
көп білетін боларсыңдар, мен жайын-
да кім тақпақ айта алады?
Автор: Балалар білетін тақпақта-
рын жатқа айтады.
Оқушы:
Көктем шыға тал шыбық.
Көк жапырақ киінген.
Биік тұрар шаншылып,
Кейбір зәулім үйлерден.
Оқушы:
Қатар-қатар көк терек.
Көкке байлап өседі.
Жапырағы көкпенбек
Сәнге бөлер көшені.
Оқушы:
Білегіңді түрін де
Отырғыз, дос, жас шыбық
Алма ағаштың гүліндей 
Құлпырады тіршілік.
Оқушы:
Жасыл бұтақ түрінде
Жатады өмір сыр бүгіп.
Аппақ гүлдің түбінде 
Қызыл алма тұр бұғып.
Оқушы:
 Сыбдыр-сыбдыр жапырақ,
Аймаласып жер қапқан.
Жер анаға бір өзгеше
Түсі алтын кілем жапқан.
Тал: Ой, балалар, көп рақмет. 
Енді, мен сендерге жұмбақ айтайын.
Қане, шешіп көріңдерші.
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Бала: Шырша.
Тал:  Жарайсыңдар, балалар!
Автор: Балалар талды риза қы-
лып, одан кешірім сұрап, үйлеріне та-
рай бастайды. Міне, балалар, сендер 
де бұтаны жұлмай, қайта оларды өсі-
руге, өркендетуге тырысыңдар. «Та-
биғатты аялайық», жас достар!
Жүргізуші: Ән. «Желсіз түнде 
жарық ай» (А. Құнанбайұлы).
Жүргізуші: Балалар, енді біздер 
бәріміз «Туған жер» атты өлеңді 
хормен айтамыз.
Туған жер
Туған жерім, ақ туысың арымның,
Табынсам, тек саған ғана табын-
дым.


256
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Кіндікті мен үйрендім де далаңнан
Талабыма темір таға тағындым.
Күнделікті үйрендім де далаңнан,
Даналық пен дарқандықтан жа-
ралған.
Қиялшыдай көз жіберіп қияға 
Көкірегіме ұя салды бала арман.
Болашақтың сипап өткен самалын,
Сезінгендей серпіледі сана мың.
Елім менің, ертеңіңмін мен сенің,
Үкілі үміт бүгін балғын баламын.
Бақыт қандай балаң болып жаралу
Мейірімі нұр, пейілі жыр дала ару!
Перзентіңмін, парызымдай ар-
маным –
Кірпішің боп кетігіңе қалану!
5-сынып оқушыларын салтанатты 
түрде «Жас эколог» үйірмесіне тарту.
Оқушыларға төсбелгі тағу рәсімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет