Табиғатпен тілдесу
Табиғат,
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қыр-
дан.
Сен көлсің,
Сен – ормансың,
Сен бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен – жерсің,
Сен – жарықсың,
Сен – адамсың,
Сен – гүлсің,
Сен – ауасың,
Сен – Анамсың.
Бәрі сен мына жарық дүниесің,
Шабытын ақын біткен сенен
алсын,
Ешкімге етпеп ең ғой сен алалық.
Қарайсың тіршілікке неге налып.
Жайнатып сені мәңгі әкетейін
Әкелші, дертің болса, мен-ақ
алып!
Табиғаттың қасіретін түсініп, қол-
дан келгенше аялап, келешек ұрпаққа
табыс ету – бүгінгі біздің міндетіміз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақса-
ты да осы.
1-оқушы:
Қайырлы түн!
Жер анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман
Тәтті ұйқыда дамылда!
Орманың да шуламасын, суларың
да туламасын,
Ақ басты ала тауларың да
Күңіренбесін, жыламасын.
2-оқушы:
Шамыңды өшір, түсіре ғой пер-
деңді,
Қайырлы түн, Алып жер!
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді.
Таптамасын танктер.
Қайырлы түн,
Көк аспан, алып жерді төсен де,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
ұшырама кеселге.
3-оқушы:
Қайырлы түн!
Көк аспан алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара ашып, жап
шыққа
Сенің нұрың тыныштықпен жа-
расқан
Қайырлы түн! Ұйықта.
Шашу болып жұлдыздарың ша-
шылды,
Айың келіп, ақ мойныңа асылды.
Шәліге орап, әлдилеген құс жолы
Тыныштық деп аталатын жас
ұлды.
4-оқушы:
Адамға табиғатсыз өмір бар ма?
Не қиын кезеңдерге төзді ол да.
Дария орта түсіп, теңіз қашып,
Табиғат бұлқынады қыл бұрауда.
254
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
5-оқушы:
Табиғат адамдарға нәр береді
Сәмбі тал саз кешеді, сәнденеді
Өртенген жетім тоғай жәутең
қағып,
Мұңайып сездіреді әлденені.
Достарыңызбен бөлісу: |