Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет192/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   195
кітап тарбие туралы

Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қа-
тынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол ба-
лалардың бақытты өмір сүруі, іс-әрекеті, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, 
белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәр-
биешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыреттілік деңгейі айқындалады. 


312
Глосcарий
Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді 
ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекет-
тестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы 
(тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталады), орта дағдарысы (бала 
айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы, т.б.
Тәрбие теориясытәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күшін, 
негізгі құрылымдық бөліктерін және әдістемесін анықтайтын педагогиканың 
бөлімі.
Тұлға – 1) Дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам бол-
мысының қайталанбас, ерекше әдісі. Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. 
Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе 
шеңберіндегі өзімен-өзін болу қабілетінде ашылады; 2) Адамдар арасындағы
өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғам-
ның өкілі ретіндегі адам; 3) Жеке ерекшеліктері бар қоршаған ортаға деген 
өзінің қатынасын сезінген, қызметтің белгілі бір түрімен айналысатын әлеу-
меттік қауымдастықтың белгілі өкілі, нақты адам. Жеке тұлғаның ең басты
белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функция-
ларды атқаруы. Профессор Г.Ю. Айзенк бойынша жеке тұлғаның үш негізгі
өлшемі – интроверсия, экстроверсия, нейротизм деп шартты түрде бөлінеді. 
Түркі патриотизмі – тұтас түркі әлемінің ерлік, қаһармандық дәстүрлерін 
қасиет тұтатын және бүкіл түркі мүддесіне адал қызмет ететін жеке тұлғаны 
қалыптастырудағы отансүйгіштік тәрбие жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет