109
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Әділеттілік туралы
Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда – мінез, ұят пен әділетте.
(1630-бәйіт)
Еңбек туралы
Көз
берді Алла зат көріп
құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қос қол берді тірлікпен
тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
(3599-3600-бәйіт)
Ата-ананы құрметтеу туралы
Ата-ананың қабылдап қасиетін,
Ардақтай біл атқарып өсиетін.
(1486-бәйіт)
Ғылым мен білім туралы
Жастай түссең пәк ғылымның
жолына,
Өмір бойы бақыт сенің қолында.
(1593-бәйіт)
Ақылды дос туралы
Ақылдыға қосылсаң, бақытты
боп өтесің,
Төрт құбылаң түгел боп,
арманыңа жетесің.
(4497-бәйіт)
Достыққа, кеңпейілділікке тәр-
биелеу туралы
Туыс досқа пейіліңмен берсең
мәзір асыңды,
Олар сені құрметтеп сыйлап
өтер басыңды.
(4649-бәйіт)
(Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. –
Алматы: Ғылым, 1986. – 616-б.,
170-б.)
Жүсіп Баласағұнның «Құтты бі-
ліктің» дүниетанымдық
және құн-
дылықтық бағдары имандылық пен
ізгілік бағытқа арналған. Имандылық
тәрбие – бұл исламдағы моральдық,
адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өне-
ге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем
мінезділік. Иман – мұсылманның
өмірлік
ұстанымы мен бітім-бол-
мысын, яғни адамның сыртқы кес-
кін-келбетін және ішкі мәдениетін,
рухани жан дүниесін білдіретін ұғым
болып табылады. Ізгілік – мұсыл-
манның отбасындағы және қоғамдық
өмірдегі қарым-қатынасын айқын-
дайтын ұғым. Исламдағы ізгілік –
мұсылманның діни құндылықтарды
ұстануымен айқындалады.
Шынайы
мұсылмандық ислам иман мен із-
гілік құндылығын ұстана отырып,
әрекет жасайтын адам. Ислам діні-
нің имандылық және құндылық не-
гіздерінің қайнар көзі бұл – Құран
мен Сүннет.
Ардақты Мұхаммед
пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисін-
де: «Иман тұрғысынан ең жетілген
110
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мұсылман – өнегесі жақсы мұсыл-
ман» деген. Исламның имандылық
құндылықтарын:
сабырлылық, ра-
қым шылдық,
ақыл-парасаттылық,
әділеттілік, бостандық, ғылым-білім,
достық, бауырмалдық, адалдық, ама-
нат, ар-ұят, қарапайымдылық, таза-
лық, өзара құрмет, іс-қимыл, т.с.с.
құндылықтарын түркі ойшылдары өз
еңбектерінде қарапайым халыққа тү-
сінікті тілде жеткізе білді.
Дұға оқып, «Сақта» деп
хан жа лынды,
Қолын жайып, Жаратқанға
табынды...
Кем-кетікке мал таратты,
сүйер деп,
Үміттеніп, шарапаты тиер деп.
Достарыңызбен бөлісу: