Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет57/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   195
кітап тарбие туралы

найдаров О. Жүсіп Баласағұн. Та-
рих, тұлға, уақыт. – Алматы: Ару-
на, 2008. – 92 б.)
Жүсіп Баласағұни ұлттық әдепке, 
әсіресе тіл әдептілігіне ерекше назар 
аударып: 
Тіліңді бақ, басың аман болады
Сөзді қысқа айт, 
жасың ұзақ болады, – 
деп, жақсы мінез-құлық, әдептілік, 
кішіпейілділік ең алдымен адамның 
тәлім тәрбиесіне байланысты болады 
да, оның көріністері әрбір адамның 
сөйлеу тілінен, дауыс ырғағынан 
байқалып қалады деген пікірді ай-
тады. Әдепті адам мәнерлі, мәнді, 
сыпайы сөйлейді дейді. Оның әрбір 
бәйіті жеке бір тәрбиелік мақсаттар-
ды орындайды: 


109
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Әділеттілік туралы
 
Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда – мінез, ұят пен әділетте. 
(1630-бәйіт) 
Еңбек туралы
Көз берді Алла зат көріп 
құндау үшін, 
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін, 
Қос қол берді тірлікпен 
тынбау үшін, 
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін. 
(3599-3600-бәйіт) 
Ата-ананы құрметтеу туралы
 
Ата-ананың қабылдап қасиетін, 
Ардақтай біл атқарып өсиетін. 
(1486-бәйіт) 
Ғылым мен білім туралы
Жастай түссең пәк ғылымның 
жолына, 
Өмір бойы бақыт сенің қолында. 
(1593-бәйіт)
Ақылды дос туралы
Ақылдыға қосылсаң, бақытты 
боп өтесің, 
Төрт құбылаң түгел боп, 
арманыңа жетесің. 
(4497-бәйіт) 
Достыққа, кеңпейілділікке тәр-
биелеу туралы
Туыс досқа пейіліңмен берсең 
мәзір асыңды, 
Олар сені құрметтеп сыйлап 
өтер басыңды. 
(4649-бәйіт) 
(Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. –
 Алматы: Ғылым, 1986. – 616-б., 
170-б.)
Жүсіп Баласағұнның «Құтты бі-
ліктің» дүниетанымдық және құн-
дылықтық бағдары имандылық пен 
ізгілік бағытқа арналған. Имандылық 
тәрбие – бұл исламдағы моральдық, 
адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өне-
ге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем 
мінезділік. Иман – мұсылманның 
өмірлік ұстанымы мен бітім-бол-
мысын, яғни адамның сыртқы кес-
кін-келбетін және ішкі мәдениетін, 
рухани жан дүниесін білдіретін ұғым 
болып табылады. Ізгілік – мұсыл-
манның отбасындағы және қоғамдық 
өмірдегі қарым-қатынасын айқын-
дайтын ұғым. Исламдағы ізгілік – 
мұсылманның діни құндылықтарды 
ұстануымен айқындалады. Шынайы 
мұсылмандық ислам иман мен із-
гілік құндылығын ұстана отырып, 
әрекет жасайтын адам. Ислам діні-
нің имандылық және құндылық не-
гіздерінің қайнар көзі бұл – Құран 
мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед 
пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисін-
де: «Иман тұрғысынан ең жетілген 


110
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мұсылман – өнегесі жақсы мұсыл-
ман» деген. Исламның имандылық 
құндылықтарын: сабырлылық, ра-
қым шылдық, 
ақыл-парасаттылық, 
әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, 
достық, бауырмалдық, адалдық, ама-
нат, ар-ұят, қарапайымдылық, таза-
лық, өзара құрмет, іс-қимыл, т.с.с. 
құндылықтарын түркі ойшылдары өз 
еңбектерінде қарапайым халыққа тү-
сінікті тілде жеткізе білді.
Дұға оқып, «Сақта» деп 
хан жа лынды,
Қолын жайып, Жаратқанға 
табынды...
Кем-кетікке мал таратты, 
сүйер деп,
Үміттеніп, шарапаты тиер деп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет