(«Әбу Насыр әл-Фараби. Таңда-
малы трактаттары» кітабынан,
405-б.)
Әбу Насыр әл-Фараби адамның
ақыл қуатына сенген
Ол «Ақыл туралы» трактатында
адам ақылы жаратушы құдіретінің бір
көрінісі деген. Ғылым, әл-Фарабидің
айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның
екі түрі болады: теориялық және
практикалық. Теориялық ғылымдар:
логика, табиғаттану ғылымдары, ме-
тафизика, практикалық – этика мен
саясат. (Есім Ғ. «Фалсафа тарихы»
кітабынан, 49-б.)
Сөзге тапқырлық туралы
Сөзге тапқырлық – жақсы адам-
шылық қасиет және мұның өзі әзіл-
ді орнымен пайдаланғанда болатын
нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын-оқтын
демалуға тиісті, ал мұнда шектен тыс
кетушілік жанға рахат немесе кесел-
сіз. Әзілдің көп айтылуы жанды ра-
хатқа батырады. Әзілде тең ортасын
ұстай білу сөзге тапқырлыққа жа-
тады, шектен тыс көп әзіл мазақтау-
шылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі
әзілдің жоқтығына әкеп соқтырады.
(«Қазақтың тәлімдік ойлар антоло-
гиясы. Құрастырған: Қалиев С.Қ.,
Аюбай К.Қ. Он томдық. Т.3. Көне
жазба мұралар тағылымы (б.з.б. І
мыңжылдық – XV ғ. соңы)» кіта-
бынан, 131-б.)
Әдебиеттер
1. Әл-Фараби философиясы. Жиырма томдық /Құрастырушылар Ә. Нысан-
баев, Ғ. Құрманғалиева. – Астана: Аударма, 2005. – 2-т. – 480 б.
2. Педагогика тарихы /Жалпы ред. Ш.К. Беркімбаева (Білім беру және педа-
гогикалық ойлар тарихы). Оқулық. – Алматы, 2009. – 389 б.
3. Көбесов А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда: Зерттеу еңбек. – Ал-
маты: «Қазақ университеті», 2006. – 58 б.
4. Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары /Құрастырған: Ә. Нысан-
баев, Ғ. Құрманғалиева, Ж. Сандыбаев. – Алматы: Арыс, 2009. – 656 б.
101
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Достарыңызбен бөлісу: |