Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата25.03.2023
өлшемі4.68 Mb.
#471099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
 
Өндірісті автоматтандыру кибернетика заңында негізделеді.
Кибернетика — басқарудың тәсілдері мен жүйелерін зерттейтін 
ғылым, ол кез-келген нәрсені зерттейді, мысалы: машиналар, тірі 
организмдер, қоғам. Тірі және өлі табиғатты басқару заңдары да 
осындай. Біздің еліміздің социализмнен капитализмге өту кезеңіндегі 
жалпы заңдылықтарының дамуының электрқозғалтқыш айналымының 
қуат беруден кейінгі заңдылығынан немесе орбитаға шыққаннан 
кейінгі салмақсыздықты игерген ғарышкер организмінен еш 
айырмашылығы жоқ екен. 



Автоматика — өндірістік процестерді автоматтандырудың 
тәсілдері мен теориясын зерттейтін кибернетиканың бір бөлігі. 
Бұл оқулықта келесі сұрақтар қарастырылады: өндірісті 
автоматтандыру деген не, ол не үшін керек, ол неден басталады, ол 
қалай жүзеге асады, оған қандай техникалық құралдар қажет, олар 
қалай орналасқан және қалай жұмыс жасайды, оларды бірыңғай 
автоматты жүйеге қалай біріктіреді және оны қалай басқарады? 
«Өндіріс» және «автоматтандыру» түсініктерін қарастырып көрейік. 
Өндіріс анықтамасын әртүрлі жағынан қарастыруға болады — 
экономикалық, техникалық және әлеуметтік тұрғыдан. Жаңаша 
түсінікте жалпы түрдегі өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі 
үшін маңызды материалдық және материалдық емес игіліктер мен 
қызметтерді қалыптастыру процесі. 
Өндірісті бірнеше санатқа бөлуге болады: 
■ 
Кен қазу өндірісі, ол табиғи қорлар мен шикізат өндіруді 
қамтамасыз етеді ( жерді қазу, балық аулау т.б.); 
■ 
Ауылшаруашылық өндірісі, ол табиғаттың қатысуымен, яғни 
жануарлар мен өсімдіктерден алынған азық-түліктерді өндірумен
байланысты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.); 
■ 
Өңдеу өнеркәсібі, адамға қажетті бұйымдардағы шикізатты 
өңдеумен айналысады; 
■ 
Көлік және сауда қызметтері, шикізат пен өнімді өндірушіден 
тұтынушыға жеткізуші. 
Сәйкесінше, дайын өнім мен шикізатты өндіруші, жасаушы, 
өңдеуші, түрлендіруші және жылжытушы процесстерді өндіріс 
процестері немесе өндірістік процестер деп атауға болады. 
Соңғы кездері адамның ой еңбегімен байланысты материалдық 
емес өндірістің үлесі анағұрлым өсті. Сондықтан өндірістік өнімдердің 
астарына 
дайындалатын, 
өндірілетін, 
жасалатын 
және 
жылжитындардың барлығы кіреді, бұлар – материалдық құндылықтар 
ғана емес, сонымен бірге рухани құндылықтар болуы да мүмкін: 
шикізіт, материалдар, бұйымдар, энергия, экономикалық және басқа 
ақпараттар, өнер туындысы, компютерлік бағдарламалыр және 
ойындар мен басқа да көптеген дүниелер, бұның барлығы адам 
еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Егер өндірістік процесстердің көптүрлілігін негізгі әрекеттері 
бойынша топтастырсақ, онда мұндай әрекеттер жасаушы, жинақтаушы, 
түрлендіруші және тасымалдаушы болуы ықтимал. Бұл әрекеттер 
заттардың, энергия мен ақпараттың үстінде өндірілуі мүмкін. Егер әсер 
ету объектілері ақпарат болса, онда процестер ақпараттық деп аталады, 
ал заттар немесе энергия болса, онда технологиялық процесс (ТП) 
болады. 



Технологиялық процестер — бұл материалдарды, бұйымдар мен 
энергияны жасау, жинақтау, түрлендіру және тасымалдау процестері.
Технологиялық процестің мұндай анықтамасы жалпылама, 
абстрактілі болып есептеледі, бірақ дәл осы әртүрлі өндіріс
ерекшеліктеріндегі 
дерексіздік 
бір-бірінен 
айтарлықтай 
айырмашылығы бар өндірістердің барлығының автоматтандыру 
тәсілдемесінің бірыңғайлығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Өндірістік процесстерге адамның қатысуы, оның еңбегі шешуші 
фактор болады — оның қатысуынсыз ешқандай өндірістің болуы 
мүмкін емес. Дегенмен, адамның өндіріске қатысу формасы әртүрлі 
болуы мүмкін және бұл қатысудың деңгейі біз оқып отырған пәнге 
тікелей қатысты. 
Автоматтандыру — бұл өндірісте адамдарды өндірістік 
процестерге тікелей қатысудан босататын техникалық құралдарды
әдіс-тәсілдер мен басқару жүйесін пайдалану. Бұл анықтамада өте 
маңызды ескеретін жағдай бар: әңгіме тікелей қатысудан босату 
жайлы, яғни, адам өзі жасаған өндірістік процесс құрайтын 
әрекеттерден босатылады. Ақылды адам өзі үшін жұмыс жасайтын 
машина жасап шығаруға қабілетті және ол тек физикалық жұмыстарды 
ғана емес, ой еңбектерін де орындай алады.
Автоматтандырудың мақсаты өндіруді жоғарылату мен еңбек 
тиімділігін арттырудан, өнім сапасы мен адам еңбегінің жағдайын
жақсартудан тұрады. 
Автоматтандыру — ғылыми-техникалық прогрестің негізгі 
бағыттарының бірі. Қазу және материалдарды өңдеу процестері
құрастырушы, энергетикалық, көліктік процестер және объектілер мен 
құрылыстарды жобалау, кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару мен 
жобалау, 
ғылыми 
зерттеулер, 
медициналық 
диагностика, 
бағдарламалау 
мен 
инжинерлік 
есептеулер 
және 
т.б. 
автоматтандырылады.
Бұл процестегі және оның түрлі этаптарындағы адам рөлі әртүрлі. 
Адамның басты ерекшелігі – саналы түрде ойлау қабілеті. Адам көтере 
алатын жүктен 1000 есе артық жүкті көтере алатын механизм ойлап 
шығаруға болады, немесе түймені 100 есе тез қадай алатын құрылғы 
жасап шығаруға болады, бірақ адамның ойлау қабілетіне жететін 
машина әзірге жоқ.



Сондықтан адамның ойлау қабілеті аз пайдаланылатын жерлерде 
өндірістен адамдары босату анағұрлым тиімді, мысалы, ауыр дене 
еңбегінде және миды шаршатып жіберетін бірқалыпты және 
бірсарынды бағытта. Ол үзіліссіз жұмыс жасайтын өндірістерде де 
тиімді, себебі адамды алмастырушы машина түскі асқа үзіліс 
сұрамайды және демалыссыз тәулік бойы жұмыс жасай береді. Ол 
адамдарға қауіп төндіретін орындарға, адамның қолы жетпейтін 
жылдам әрекеттерді қажет ететін жерлерге керек.
Материалдық емес өндірістің мына түрлері: жобалау, 
бағдарламалау, кәсіпорындарды басқару мен ұйымдастыру, білім 
саласы, өнер көп ретте адамның ойлау қызметіне сүйенеді. Мұнда 
адамның тікелей қатысуынсыз ештеңе мүмкін емес. Әрине, онда 
адамдарды босатуға болатын процесстер бар (мысалы мәліметтер 
базасын жасау, құжаттарды іздеу және т.б.), бірақ бұл адамды 
өндірістен шеттету емес, керісінше, осы саладағы еңбек қызметінен 
босамайтын адамдарға көмек деп қарастыруға болады.
Әсіресе, бірінші кезекте, адамдарды материалдық өндіріс 
процестеріне тікелей қатысудан босату, яғни, технологиялық 
процестерден босату маңызды. Бұл автоматтандыру бағыты, яғни, біз 
технологиялық процесстерді автоматтандыруды қарастыратын 
боламыз. 
Технологиялық 
процестер 
технологиялық 
деп 
аталатын 
жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Процестің жобаланғандай өтуі 
үшін ол жабдықты басқаруы керек, яғни, белгілі шарттары бойынша 
әсер ету қажет. 
ТП-ны жүзеге асыратын техникалық жабдықтардың жиынтығы 
басқару объектісі болып табылады. Мұндай объектіге автомобиль мен 
оның бөлшектерін жатқызуға болады - жүргізушімен басқарылатын 
рөлді басқару; тежегіштер мен беріліс қорабы; ұшақтар, онда басқару 
автопилотқа, яғни, автоматты қондырғыға тапсырылған; цехтары 
толықтай автоматтандырылған металлургия зауыты.
Кез келген технологиялық процесс белгілі бір мақсатқа қол жеткізу 
үшін ұйымдастырылады. Жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін ТП 
жүрісін бақылаумен бірге, технологиялық жабдықтың да жұмысын 
қадағалау қажет. Бұған тек жан-жақты ақпараттар жинау арқылы қол 
жеткізуге болады.
ТП-ның өтуі мен жабдықтың күйі мезгілдің әр сәтінде түрлі 
физикалық шамаларға байланысты сипатталады: температурамен, 
қысыммен, жылжумен, жылдамдықпен, шапшаңдықпен, газдар мен 
сұйықтық шығынымен, электр кернеуімен, тоқ күшімен және т.б. 



Бұл 
шамалар 
технологиялық параметрлер деп аталады. 
Технологиялық процесс пен жабдықтың жұмысы барысында бұл 
шаманың мәні үздіксіз өзгеріп отырады. Бақылауды жүзеге асыру үшін 
процесті жүргізуші оператор технологиялық параметрлердің мәні мен 
олардың оған ыңғайлы түрге өзгергендігі туралы мәлімет алуы керек, 
яғни, барлық қажетті жиынтықтармен, сараптамалармен және 
болжамдармен. Сөйтіп, бақылау құрастыруды, өңдеуді, сараптауды 
және операторға ТП туралы ақпарат беру мен жабдықтың жұмысын 
қамтиды. 
Бақылау барысында алынған ақпарат ТП-ның оның жобаланған 
барысына толық сәйкес өтуін қамтамасыз ету мақсатында
технологиялық жабдықтарға әсер ету үшін, яғни, технологиялық 
процесті басқару үшін пайдаланылады. 
 
Технологиялық 
процестерді 
автоматтандыру 
— 
бұл 
технологиялық құралдарды, құрастыруға арналған басқару жүйелері 
мен тәсілдерін пайдалану, өңдеулер, сараптамалар және технологиялық 
параметрлер жайлы ақпараттарды беру және сараптама нәтижесі 
бойынша технологиялық процеске әсер ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет