Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет3/101
Дата25.03.2023
өлшемі4.68 Mb.
#471099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Алғы сөз
 
Қазіргі таңда, өндірісте автоматтандыру құралдары көптеп 
пайдаланына бастағанда, тек қана толықтай автоматтандырылған 
цехтар ғана емес, кәсіпорындар да пайда болды және адам мен 
машинаның «әріптестігі» мәселесі алдыңғы қатарлы мәнге ие болуда.
«Өндірісті автоматтандыру негіздері» пәні оқушыларда өндіріс 
процессіне жаңаша көзқарас пен тәсілдемелерді қалыптастырады, 
себебі қазіргі уақытты машинасыз елестету мүмкін емес. Бұл 
машиналар ертеректе өндірістік процесте адамдар ғана атқарған 
қызмет түрлерін өздеріне көптеп ала бастады, олар – қарапайым 
операцияларды орындаудан бастап басшылықтың күрделі сұрақтарын 
шешуге дейінгі жұмыстар. 
Қазір «адам-машина» жүйесі туралы ақпаратты меңгеру аса 
маңызды, бұл жүйеде машинаның қызметінің кең таралу мүмкіндігі 
зор. Бұл жағдайда автоматтандырушы процестердің сипаты аса үлкен 
мәнге ие болмайды, себебі ол «адам-машина» жүйесінің қалыптасуы 
мен қызметінің жалпы қағидаларының нақты қолданылуын 
айқындайды, ол өз кезегінде кез келген өндірістік және технологиялық 
процестер мен өндірістің барлық саласы үшін бірдей болып 
есептеледі.
Бұл оқулықта адам орнындайтын қызметтердің машинаға 
берілуінің мәніне, бұл процестің тенденциялары мен ерекшеліктеріне
көңіл бөлінген және нені емес, қалай автоматтандыру керек деген 
сұрақ қарастырылады. 
Осы оқулықты жазу барысында оқулық авторлары Мәскеу 
қаласындағы №50 Кәсіби колледждегі өндірісті автоматтандыруды 
оқытудың көпжылдық тәжірибесін, сонымен қатар, ірі зерттеуші 
қондырғылар мен өндірістік бөліктерді автоматтандыру жүйесін ендіру 
мен қалыптастыру бойынша тәжірибелерді пайдаланды. 




тарау
 
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ 
ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС 
Сонау XX ғ. 80-жылдары Жапонияға іссапарға барған біздің бір 
инженердің әңгімесі еске түсіп отыр. Ол алғаш рет сол жақтағы ірі 
зауыттардың біріне кешкі уақытта барады. Жапондық әріптесінің 
көмегімен цех есігіне жақындайды, қонақжай қожайын есікті ашып 
қалған кезде біздің инженер қорыққанынан бір орнында қатып қалады: 
қап-қараңғы үлкен ғимаратта алып механикалық құбыжық ысылдап, 
сусылдап, аударылып-төңкеріліп, өшіп-жанып тұр екен. Қонақ бірер 
минут мелшиіп тұрады. Ақыры оның сұраулы жүзіне қарап, жапондық 
иіліп және күліп былай деп жауап береді:
— 
Бұл икемді автоматтандырылған өндіріс. Оны ана жақтағы 
оператор қадағалайды. 
Әріректе жоғары орналасқан жарық терезеден адамның сұлбасы 
байқалады. 
— 
Ал неге қап-қараңғыда? — деп сұрайды қонақ. 
— 
Жұмысқа жарықтың қажеті қанша? Олар өздеріне қажет 
нәрсенің барлыған жақсы «көреді», — дейді күлімдеген қожайын. 
1.1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет