Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет5/101
Дата25.03.2023
өлшемі4.68 Mb.
#471099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1.2.
 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ 
АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ 
Кез келген жүйе сол жүйедегі өзара байланысты бөлшектердің 
жиынтығын қамтиды. Біз технологиялық процесті автоматтандыруды 
жүзеге асыруға қабілетті жүйелерді қарастырып отырмыз, яғни, 
құрастыру, өңдеу, ТП жағдайын сипаттайтын ақпаратты сараптау, оны 
операторға жіберу немесе ТП-ны басқаруға ықпал етуді өз бетінше 
жүзеге асыру.
Бұл техникалық процестің жоспарлы түрде өтуін қамтамасыз ету 
үшін өзара әрекеттестігі белгілі бір заң бойынша өтуі тиіс техникалық 
құралдар жиынтығы болуы керек. Мұндай жүйені автоматтандырылған 
деп атайды немесе технологиялық процесті басқару жүйесі дейді. 
 
Технологиялық процестерді автоматтандырылған (автоматты) 
басқару жүйесі ( ТП АБЖ) — бұл техникалық құралдар мен 
құрастыру тәсілдерінің, өңдеулердің, сараптау мен ақпарат берудің 
және ТП-ға ықпал етудің жиынтығы, олар адамдармен немесе өзара 
қарым қатынас кезінде технологиялық процестің жоспарланған түрде 
өтуін қамтамасыз етеді. 


10 
1.1-
сурет. Автоматтандырылған (а) және автоматты (б) басқару жүйесі 
Автоматтандырылған және автоматты басқару жүйелерінің 
арасындағы айырмашылық адам мен техникалық құралдар арасындағы 
тапсырмалардың бөлінуімен байланысты. 
Егер ТП-ға әсер ету туралы шешімді қабылдау мен жүзеге асыруды 
технологиялық параметрлер жайлы ақпараттар сараптамасының 
нәтижесі бойынша адам жүзеге асырса, онда мұндай басқару жүйесін 
автоматтандырылған деп атаймыз (1.1,а суреті). Мұндай жүйеде адам 
технологиялық параметрлер жайлы және оның сараптамалары жайлы 
ақпаратты хабарлама, сызба және кесте түрінде дисплей экранында 
және басқа да ақпараттар ұсынатын аудиовизуальді құралдар арқылы 
алады. Көбіне жүйе осы мәліметтерді негізге алады, бірақ бұл 
ұсыныстарды пайдалану не пайдаланбау мәселесі адамның құзырында 
қалады. Бір жағынан, адамның шектеу қоюшы рөлін иемденуі мүмкін: 
кейде оның жылдам шешім қабылдай алмай қалуы мүмкін, ал кейде 
бұрыс шешім қабылдауы да ықтимал.
Екінші жағынан, ТП-ны басқару жүйесінде адамның болуы 
бақылау жүйесіндегі кейбір элементтердің жұмыс жасамай қалуы 
салдарынан туындайтын апаттық жағдайды болдырмауға мүмкіндік 
береді, себебі адам дер кезінде шешім қабылдай алады және 
ақпараттың бір бөлігі болмай қалған жағдайда да технологиялық 
процесті жалғастыра алады (көмекке тәжірибе, біліктілік пен түйсік 
келеді). Мысалы, апаттық қорғау жүйесіндегі температура датчигінің 
жұмыс жасамай қалуын адам (оператор) ойлануға ақпарат ретінде 
қабылдауы мүмкін: жағдайды бағалай отырып, егер өзге параметрлер 
қалыпты жағдайда болса, оның жұмыс процесін тоқтатпауы да 
ықтимал. 
Егер ақпараттарды сараптау нәтижесі бойынша өзі шешім 
қабылдайтын болса және ТП-ға ықпал ету жайлы шешімді жүзеге 
асырса, онда мұндай жүйе автоматтық немесе тұйықталған кері


11 
байланыс жүйесі деп аталады (1.1, б суреті). Мұндай басқару жүйесі 
басқару объектісімен технологиялық параметрлер жайлы ақпарат 
алатын кіріс кезінде ғана жалғаспайды, сонымен бірге, технологиялық 
параметрлерге басқарушы ықпалды қалыптастыратын шығыс кезінде 
де жалғасады. Адам басқаруға тікелей қатыспайды және апаттық 
жағдай орын алғанда ғана араласуға дайын бақылаушы ретінде ғана 
болады.
Автоматты басқару жүйесінде әрдайым апаттық жағдайды 
реттейтін бағдарлама болғанымен, адамның парасаты, бір шетінен 
машинадан жоғары және ол машинаның мүмкіндігі жетпейтін 
жағдайларда оқиғаның даму барысын алдын ала болжай алады. Екінші 
жағынын, апаттық жағдайға жүйенің әрекет етуі адамның реакциясы 
жылдамдығынан анағұрлым жоғары болуы ықтимал. Жағдайды 
бақылаудан қорғау жүйесін алып тастаудың қайғылы нәтижесін 1986 
жылғы Чернобыль атом электрстанциясынан көреміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, ТП жайлы ақпаратты жинау, өңдеу 
және сараптау мен жабдықтың жұмысы бақылау саласына жатады. 
Басқару жүйесіне адамды араластыруды қарастыру сараптама 
қорытындылары бойынша шешім қабылдау кезеңінде болады, яғни, 
бақылау нәтижесі бойынша болады. Сондықтан да бақылау 
операциясын орындайтын басқару жүйесінің техникалық құралдар 
бөлігі жеке автоматтандырылған бақылау жүйесі (АБЖ) ретінде 
қарастырылуы мүмкін. Автоматтандырылған және автоматты басқару 
жүйесі жайлы сөз болғанда әрдайым оның құрамында АБЖ бар 
екендігі меңзеледі. 
Басқару мен бақылау жүйесінен бөлек, автоматты жүйенің тағы бір 
түрі бар. Ол басқарудың жеке жағдайымен байланысты, яғни, белгілі 
бір техникалық параметрдің нұсқаушы заңдылығы бойынша өзгеру 
немесе тұрақтылықты қолдау мақсатына ие. Басқарудың бұл түрі 
реттеу деп аталады және оны автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) жүзеге 
асырады.
Шынайы ТП АБЖ құрамалы болып есептеледі, яғни, біраз 
технологиялық параметрлер АРЖ көмегімен қуатталады, ал басқалары 
АБЖ-ның өзінің техникалық параметрлерімен қадағаланады, оның 
құрамына автоматты бақылау жүйесі кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет