8 Т А Р А У .
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ.
8.1.
Жалпы мәліметтер
Машина жасау, микроэлектроника, оптоэлектроника жəне
есептеуіш техника бұйымдарын дайындау берілген өлшемдер,
форма жəне беттің сапасы бойынша материалдардың өңдеумен
байланысты. Оған қоса бұйымның
сапасы геометриялық
шамаларды өлшеу құралдарымен бақыланады. Геометриялық
шамалардың өлшеу техникасына қабылданған жіктелім бойынша
ұзындықтар мен бұрыштарды өлшеуді, өлшемдерді, формаларды
жəне беттердің орналасуының, ауытқуын, конустардың, бұрандалар
мен тісшелі доңғалақтардың параметрлерін жатқызады.
Сызықтық-бұрыштық өлшеулер
облысы өлшеу тапсырмалары
мен өлшеу нысандарының көп мөлшерімен сипатталады.
Осылайша, формалардың ауытқуларын өлшеу мен беттердің
орналасуы кедір-бұдырлардың параметрлерінің өлшеулерінен,
параллельділіктерден,
соғулардан
ауытқулардан,
перпендикулярлықтан, эксцентриситеттерден ауытқулардан жəне
т.с.с тұрады. Көптеген өлшеу тапсырмалары конустардың,
бұрандалардың жəне тісшелі доңғалақтардың өлшемдерін бақылау
кезінде туындайды. Сызықтық-бұрыштық өлшеулерде негізгі
орындардың бірін ұзындықты өлшеу алады.
Берілетін сызықтық
өлшемдердің диапазоны мұнда микрометр үлестерінен (беттердің
микробіркелкісіздігін өлшеу кезінде) бастап ондаған миллиметрлер
(электроникада) мен метрлерге дейін созылады (машина жасауда).
Геометриялық шамаларды өлшеудің əдістері мен құралдарын
бірнеше топтарға бөледі, олардың негізгілері механикалық жəне
оптикалық-механикалық аспаптардың топтары болып табылады.
Бірақ алдымен, сызықтық жəне бұрыштық өлшемдерді орындаудың
жалпы ережелерін баяндаймыз.
Сызықтық жəне бұрыштық өлшеулер жүргізілгенде өлшеу
нəтижелеріне қоршаған ортаның температурасы, атмосфералық
қысым,
ылғалдылық, тербеліс жəне т.б. əсер етеді. Өлшеу
жүргізілетін жағдайларда туындайтын қосымша қателіктерді
болдырмау үшін ГОСТ-пен сызықтық жəне бұрыштық өлшеуерді
өндірудің келесі талаптары орнатылған:
• Қоршаған ортаның температурасы - 20 °С;
127
• атмосфералық қысым - 101 324,72 Па (760 мм сын.бағ.);
• қоршаған ортаның салыстырмалы ылғалдылығы - 58%;
• еркін құлаудың удеуі - 9,8 м/с2;
• сыртқы беттердің 160 мм дейін сызықтық өлшемдерді өлшеу
сызықтарының бағыты - тік, ал қалған
жағдайларда - көлденең
болады;
• бұрыштарды өлшеудің салыстырмалы ылғалдылығы нөлге
тең.
МЕМСТ-пен сонымен қатар өлшеу нəтижелері салыстыру үшін
əсер ететін шамалардың көрсетілген қалыпты мəндеріне келтірілуі
тиіс.
Өлшеудің
қалыпты
жағдайларынан
рұқсат
етілген
ауытқулардың шектері өлшеулердің əртүрлі түрлері үшін
нормаланған.
Сызықтық жəне бұрыштық өлшеулердің дəлдігі үшін өлшеу
аймағында тұрақты қалыпты температураны ұстау үлкен мəнге ие.
Қосымша қателіктердің алдын алу үшін өлшенетін бұйымдарды
олардың салмағы мен сызықтық өлшемдерге рұқсатына байланысты
2-ден 36 сағатқа дейін қалыпты температурада ұстау ұсынылады.
Өлшеу құралдары өлшеу басталғанға дейін кемінде 24
сағат
стандарттарда көрсетілгендерге сəйкес келетін жағдайларда болуы
тиіс.
Микроэлектроника, оптоэлектроника жəне есептеуіш техника
бұйымдарын дайындау берілген өлшемдер, форма жəне беттің
сапасы бойынша материалдарды дəл өңдеумен байланысты.
Берілетін сызықтық өлшемдердің диапазоны кең: ол микрометр
үлестерінен (беттердің микробіркелкісіздігін өлшеу кезінде) бастап
ондаған миллиметрлерге дейін болады. Геометриялық өлшемдерді,
формаларды жəне беттің сапа көрсеткіштерін
өлшеулер сызықтық
жəне бұрыштық өлшемдер көмегімен жүзеге асырылады. Бұл
құралдар бірнеше топтарға бөлінеді, олардың негізгілері
механикалық жəне оптикалық-механикалық аспаптардың топтары
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: