• кабельдік термотүрлендіргіштердің жылулық инерциясының
шағын көрсеткіші оларды жылдам
өтетін процесстерді тіркеу
кезінде қолдануға мүмкіндік береді;
• қорғаныс қаптарындағы термотүрлендіргіштердің блокты-
модульді орындау жұмысшы ортаның əсерінен термоэлектродтарды
қосымша қорғауды жəне сезімтал элементті жедел алмастыру
мүмкіндігін
қамтамасыз етеді;
• əртүрлі пайдалану жағдайларында қолданудың əмбебаптығы,
жақсы технологиялылығы, шағын материалдық сыйымдылық.
Термобулардың салыстырмалы сынақтары сыртқы диаметрі
(электродтардың диаметрі 0,65 мм) 3 мм кабельдік термобудың
КТМС-Ха термоЭҚК дрейфі 800 °С температурада 100 000 сағатта
шамамен 100 мкВ құрайды, ал диаметрі 3,2 мм термоэлектродтары
бар қарапайым ТХА-да дрейф 120
мкВ жетеді, ал электродтар
диаметрі 0,7 мм болғанда ол сол жағдайларда 200...250 мкВ артады.
Жоғары никельді қорытпалардан жасалған қабықшада кабельдік
термобулардың термоЭҚК дрейфі 980 °С-де 5000
сағаттағы сол
температурадағы
қарапайым
термобулардың
дрейф
көрсеткіштерінен екі есе кем. Атап өткендей, диаметрі 3,2 мм
электродтары бар ТХА сымды термобуларының дрейфі 1 077 °С
температурада 800 сағатта, ал 1 200 °С температурада - 300 сағатта
300 мкВ жетеді. Кабельдік термобулардың жоғары тұрақтылығы
кабельдің
ішіндегі
оттегінің
шектеулі
мөлшерінен
термоэлектродтардың
тотығуының қиындауымен, сонымен қатар
металл қабықша немесе магний оксиді көмегімен жұмысшы
ортаның əсерінен термоэлектродтардың
қосымша қорғанысымен
түсіндіріледі.
Жоғары жылдамдықта, жоғары қысымда жəне температурада,
сондай-ақ агрессивтік ортадлара қозғалатын
сұйықтық немесе газ
ағындарында жұмыс істегенде, кабельді термотүрлендіргіштер
қорғаныш қақпақтарға (жеңдерге) орналастырылады,
бұл оларды
бүгілуден жəне ыдыраудан қорғайды жəне ауыстырылатын сезімтал
элементтер ретінде қолданылады. Қорғайтын қаптар типтік
габариттік өлшемдерге ие. Түрлендіргіштің сыртқы түрі
өнеркəсіптік термобулардың дəстүрлі сыртқы түріне ұқсас болады.
Достарыңызбен бөлісу: