15
олардың негізгілері химиялық және коррозиялық беріктік болып саналады.
Химиялық тұрақтылық –
материалдың сілті, қышқыл, суда еріген тұз
бен газ әсерінен бұзылуына қарсыласу қабілеті.
Коррозиялық тұрақтылық – материалдың ортаның коррозиялық әсеріне
қарсыласу қабілеті.
Көптеген құрылыс материалдары осы қасиеттерге ие болмайды. Сөйтіп,
барлық цементтер қышқыл әсеріне нашар қарсыласады, сүрек қышқыл мен
сілті әсеріне тұрақты емес, металлдардың
барлық өнімдері коррозияның
әсеріне түседі. Пластмасса немесе шыны талшықтан жасалған материалдар
қышқыл мен сілті әсеріне жақсы қарсыласады.
Биотұрақтылық – материалдың тірі организмдермен қатынаста өз
беріктігін сақтау қабілеті, яғни оларға тағам ортасы болмау.
Атмосфералық тұрақтылық – материалдың
климат жағдайы әсерінен
бұзылмау қабілеті – атмосфералық агенттер (ауа температурасы,
жауындар, күн радиациясы, әртүрлі газдар,
соның ішінде өнеркәсіп,
микроорганизмдер және т.б.) – және өз құрамы мен қасиетін өзгертпеу.
Адгезия – бір материалдың біреуінің екіншісінен алынуда ұстасу
беріктігімен өлшенетін екіншісінің бетіне жабысу қабілеті,.Бұл
қабілет
темірбетонда байқалады, онда ол цемент тасының толтырғыш пен
арматурамен ұстасуында бақыланады.
Ұзақмерзімділік – материалдың немесе
өнімнің арнайы жағдайда
қолданудың жобаланған мерзімі аясында конструкцияда өз қасиетін сақтау
қабілеті. Ол көптеген факторларга тәуелді. Мысал ретінде темірбетон
конструкциясын келтіруге болады,олардың ұзақмерзімділігіне қажау, қату
мен еру, газауа ортасы, сілтісіздендіру,
заттардың химиялық әсері,
арматураның коррозиясы және т.б. әсер етеді. Құрылыстардың
ұзақмерзімділігін арттыру үшін материалдарды қолдану керек,сонымен
қатар,
олардың химиялық,атмосфералық,температуралық, суға және
суыққа төзімділігін арттыра отырып, жетілдіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: