16
Олар көлемдік-кеңістіктік композияның шығуы, жобаның негізгі
сурет міндетінің күшеюі мен дамуына себепкер болулары
керек.Құрылыс материалдары мен өнімдердің
эстетикалық немесе
сәулет-сурет қасиеттері соны шешуге бағытталған және екі топтан
тұрады. Бірінші топ материалдың (өнімнің) өзінің жарасымдылығын
сипаттайды және оның формасы, түсі,
фактурасы мен суретімен
(текстура) анықталады. Екінші топ осы материалдың басқалармен
эстетикалық байланыстырылуын сипаттайды, онымен осы объектте
қолданылатындармен бірге,
сонымен қатар, оның қоршаған ортамен
(табиғи және жасанды) сәйкестігін сипаттады.
Материал немесе өнім формасы визуалды түрде беткі кеңістік
арқылы қабылданады және ғимараттың алдыңғы жағы немесе
интерьерінің өзгешелігіне әсер етеді. Бұрыннан бері сәулетшілер мен
құрылысшылар қолданылатын материалдардың формасы (тас блогы,
кірпіш,
қаптайтын
плитка)
эстетикалық
мазмұнды,
қатал,
пропорциялы болуына алаңдады. Мысалы, іргелер үшін
табиғи тас
материалдарынан салуда ірі дөрекі өңделген блоктар қолданды, ал
қабырғаның жоғарғы бөлігінде – майда өлшемді тегіс тастар. Ол бір
материалдан төселген, жоғарыдан төмен, қабырғаны көзбен жеңілдету
әсерін туғызды. Материал мен өнім
формасының әсемдігі оның
геометриясы (ол төртбұрыш, тікбұрыш және т.б. болуы мүмкін) және
негізгі өлшемдер пропорциясымен анықталады.
Түс – материал немесе содан өткізілген кеңістікте көрінетін спектрдің
көрінетін бөлігінің диапазонында электрмагнитті сәулеленудің ағыны
әсері нәтижесінде пайда болатын саналы визуалды сезіну. Түс
сипаттамасы әрлеу ыңғайлылығы мен түс үйлесімін қамтамасыз ету
мақсатында материалды бағалау үшін қажет.
Фактура (лат.factura— өңдеу,салу) — құрылыс материалы бетінің
көрінетін құрылысы. Ол рельеф пен жылтырау деңгейімен сипатталады.
Рельеф деңгейі
бойынша материалдар тегіс, бұдырлы( рельеф биіктігі –
5мм-ге
дейін)
және
рельефті
(рельеф
биіктігі
-5мм
көп)
болады.Жылтырау деңгейі бойынша материалдар жылтыр және күңгірт
болады.Ғимараттардың қазіргі әрлеуінде, әдетте, күңгірт фактуралар
қолданылады, себебі жылтырлар интерьерді қабылдауды бұрмалауы
мүмкін. Фактураны таңдауда факторлар кешені есептеледі. Соның ішінде
материал түсі:бетінің түсі
ашық болған сайын, оның фактурасы анық
көрінеді;қабырға беті рельефті болған сайын, ғимарат кіші болып
көрінеді. Жылтыр декор кеңістікке әсемдік пен көлем силайды, бірақ оны
тым
көп қолданса, онда ол көз және психологиялық ыңғайсыздыққа
әкелуі мүмкін.