158
Оның негізінде сусымалы (ұнтақтәрізді) материлдарды, орама және
жеке материалдарды, картон түріндегі бұйымдарды, тақталар, қабықтар
мен сегменттерді дайындайды.
Талшықтасты қағазды орамалар немесе талшықтасты талшықтан
жасалған қағаздар түрінде, желімделетін заттардың аздаған мөлшерімен
(крахмал, казеин) дайындайды. Қағаздың жуандығы — 0,3... 1,5 мм;
пайдаланудың шекті температурасы— 500°С; тығыздығы — 450.1500
кг/м
3
. Оны тегіс және гофрленген түрде шығарады.
Тегіс талшықтасты
қағазды құбырларды оқшаулау кезінде жылуоқшаулағыш төсеме
ретінде пайдаланады; ал гофрленген қағазды талшықтасты кеуекті
картон өндірісі үшін қолданады.
Талшықтасты картон — жуандығы 2.10 мм
отқа төзімді
жылуоқшаулағыш материал. Материал тығыздығы — 900.1 400 кг/м
3
;
созылу тығыздығының шегі 0,6 МПа аспайды; жылу өткізгіштігі —
0,157 Вт/(м • °С); пайдаланудың шекті температурасы — 500 °С.
Құбырларды жылуоқшаулау үшін, ағаш және оңай жанатын заттарды
қорғау үшін талшықтасты картонды пайдаланады.
Талшықтасты бауды жүрекше түрінде жиналған немесе сыртынан
талшықтасты жіппен және иірумен
өрілген бірнеше ширатылған
жіптерден немесе созбадан алады. Бау диаметрі
-3.25 мм; жылу өткізгіштігі
- 0,12 Вт/(м • °С). Тығыздығы бойынша талшықтасты бау 100 – 380
маркаларына жіктеледі. Оны өнеркәсіптік құрылғы беттерін және
құбырларды температурада жылуоқшаулау үшін қолданады: органикалық
талшық құрамында 200 °С дейін болады; ол болмаса 500 °С дейін болады.
Талшықтасты мата — жуандығы 1,4.3,5 мм, талшықтастың өрілген
жіптерінен және байланыстырғыш талшықтарынан тұратын
төсеме орамды
және жылуоқшаулаушы материал (мақта, лавсан немесе вискоза).
Байланыстырғыш материалдардың пайыздық құрамы -5.18%. Ол шағын
диаметрдегі ыстық құбырларды қаптау үшін қолданылады.
Жылуқоршау
материалдары
мен
бұйымдарын
доломит
пен
талшықтасттан дайындайды. Жылуқоршау ұнтағын сумен ерітеді және
оқшауланатын бетке жағады. Ол тақталар,
қабықтар және сегменттерді
қалыптастыруда негіз болып табылады және өнеркәсіптік құрылғылар мен
құбырларды 500 °С температурасында жылуоқшаулау үшін қолданылады.
Керамзит — 1 200.1 300 ° температурасында балшықты күйдіру өнімі.
Ол жеңіл және тығыз, өрткетөзімді,
қауіпсіз, зең баспайды, суық пен
ылғалға төзімді, инертті, қызмет ету мерзімі ұзақ
.