Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет120/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   145
сәулеттік материалтану

155
 
Иілгіш, қатты және орташа қатты минералды бұйымдар 
шығарылады. Иілгіш бұйымдарға минералды киіз, тігілетін маталар 
мен баулар (жіптер) жатады. Қатты және орташа қатты тақталар
цилиндрлер, жартылай цилиндрлер мен сегменттер синтетикалық 
байланыстырғышта 
алынады. 
Олар 
құрылыс 
құрылымдарын, 
өнеркәсіптік құрылғылар мен құбырларды, ғимараттардың ішкі 
қабырғаларындағы дыбыс оқшаулаушы қабат құрылғыларының жылу 
оқшаулағышы үшін, сэндвич-панельдерді дайындау, желдетуші фасад 
құрылғылары үшін қолданылады. 
Шыны мақта шыны дайындауда, шыны өнеркәсібіндегі қалдықтар 
дайындауда қолданылатын шикізат балқытпасынан алынады (кварц 
құмы, бор, сода) (сурет 14.4). Минералды мақта талшығымен 
салыстырғанда, шыны талшық жуанырақ, ұзынырақ, иілгіш болып 
келеді. Осыған байланысты, шыны мақтадан жасалған бұйымдарды 
жылуоқшаулағыштар үшін және соққы, дірілдеу шуларынан оқшаулау 
үшін қолданады. Оның жылутөзімділігі минералды мақтамен 
салыстырғанда төмен және 450°С құрайды. Шыны мақта химиялық 
төзімді, ол жанбайды және бықсымайды. Оның тығыздығы 75...125 
кг/м

құрайды; жылуөткізгіштігі - 0,040...0,052 Вт/(м • °С). Шыны мақта 
қабатының жуандығы - 5 см, жуандығы 1 м кірпіш қабырғасының жылу 
кедергісіне сәйкес келеді. 
Шыны мақталары және орташа қатты, қатты тақталар, сонымен 
қатар синтетикалық шайырлардан жасалған байланыстырғыштағы 
фасонды бұйымдар жылуоқшаулаушы және акустикалық материал 
ретінде 200 °С температурасында, ал тігілетін мақталар мен жолақтар 
450 °С температурасында қолданылады. Шыныдан жасалған бұйымдар 
жабындарды, жеңіл қабырғаларды, еңісті шатырларды оқшаулау үшін, 
қорғау құрылымының ішкі жағынан жылытқыштар жүйесінде, әртүрлі 
мақсаттағы құбырларды оқшаулауда пайдаланылады. 
Сурет 14.4. Шынымақта




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет