184
Сурет 15.8. Тозды түсқағаздар
икемді (сондықтан оны бұдырлы беттерде қолдануға болады), жылуға
тұрақты, су және шіруге төзімді, механикалық әрекеттерге қарсы тұра
алады. Линкруст қызмет етудің қосымша мерзіміне ие және майлы
бояумен бояла алады.
Тозды түсқағаздар қағаз кенепке жағылған сәнді тозды кілтектен
тұрады. (сурет 15.8). Табиғи тоз текстурасын түсті дақтармен
үйлестіреді, бұл тозды түсқағаздар ассортиментін әртекті қылады.
Үстінен түсқағаздар балауызбен жабылады. Тозды түсқағаздардың шу
жұту қабілеті жоғары және бактерияға қарсы қасиеттері бар, шаң-тозаң
тартпайды, ылғалдан қорықпайды және иістерді сіңірмейді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Лак-бояу материалдары дегеніміз не? Олар қандай мақсатта
қолданылады?
2.
Бояу, лак және эмальге анықтама беріңіз. Олар қайда
пайдаланылады?
3.
Қандай материалдар
қабырғаларды сәнді өңдеуде
қолданылады?
4.
Түсқағаздардың негізгі түрлерін атаңыз және оларға қысқа
сипаттама беріңіз.
5.
Ішкі өңдеу материалдарына қандай талаптар қойылады?