Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет137/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145
сәулеттік материалтану

179
 
Дәстүрлі венециялық сылау негізін мәрмәр, гранит, кварц, малахит, 
әктас, оникс шаңы немесе ұнтағы құрайды, ал тұтқыр зат ретінде 
сөндірілген әктасты қолданады. Материалды 10 қабатқа дейін жағудың 
арнайы техникасы бар, ол тот баспайтын болаттан жасалған
үшбұрышты қалақшамен шағын бөліктермен жағылады. Табиғи ара 
балауызының жұқа қабатын жағу және жылтырату маңызды ерекшелік 
болып табылады – бұл жұмыстың қорытынды кезеңдері, одан кейін 
өңделетін бет мәрмәрдің қапталған жұқа пласты сияқты көрінеді, 
қабырғаларға ерекше жарқылдауды береді. 
Мұндай сылау жақсы жабысулыққа ие болады, қабырға бетімен 
тіркеседі. Ол отырғызылмайды – кепкеннен кейін көлемі кішіреймейді, 
ал бұл қабырғада жарылулардың пайда болмауын кепілдендіреді. Ол 
өртқауіпсіз, су өткізбейді, тозуға төзімді. Венециялық сылау 
қабырғалар мен төбелерді сәнді өңдеу үшін, сәулет бөлшектері үшін 
(бағаналар, карниздер), сонымен бірге ылғалдылығы жоғары 
мекемелер үшін қолданылады. 
Құрылымдық (бедерлі) сылау біртекті құрамнан тұрады. Бұл –
әртүрлі сылау негіздерінде сәндік жабынды құруға қолданылатын ірі 
немесе майда қатты бөлшектерді қосу арқылы дайындалған өңдеу 
материалы. Бұл мәрмәрлы, гранитті немесе кварцты үгінді немесе 
олардың қоспалары болуы мүмкін. Ірітүйіршікті сәндік сылауларды 
сыртқы өңдеу үшін, ал майдаларын ішкі өңдеу үшін қолданады. 
Кварцты үгінді тегіс бетті қалыптастырады. Ол қажалуға және 
сызықтарға төзімді болып келеді. Мәрмәрлы үгінді полимермен жақсы 
тіркеседі. Қажалуға және сызықтарға төзімділігі жоғары емес, ал беті 
кедір-бұдырлы болады. 
Гранитті үгінді кедір-бұдырлы беттен тұрады, қажалу мен 
сызықтарға төзімділігі жоғары. Минералды толтырушылармен бірге
полимерлі түйірлер, целлюлоза немесе жібек талшықтар пайдаланылуы 
мүмкін. Фактура арнайы құрал көмегімен (металл және пластикалық 
қалақшалар, 
текстуралы 
білдектер, 
малярды 
щеткалар 
мен 
қылқаламдар) құрылады. 
Сылаудың мұндай түрі әртүрлі әсерлерді құруға мүмкіндік береді, 
мысалы, ескі қабырғалар әсері немесе көнелік әсері (сурет 15.3). Ол 
жарылуларды тудырмайтын қабырғалардың шағын деформацияларына 
қарсы тұра алатын жеткілікті икемділікке ие. Құрылымдық сылауды 
барлық беттерге жағуға болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет