Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет69/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145
сәулеттік материалтану

87
 
■ 
тығыздығы бойынша — қатты ауыр (тығыздығы — 2 500 кг/м

астам), ауыр (1 800. „2 500 кг/м
3
), жеңіл (500.. .1 800 кг/м
3
), қатты 
жеңіл, жылу оқшаулағыш ( 500 кг/м
3
аз);
■ 
құрылыстағы мақсаты бойынша — құрылыстық, жылуоқшаулағыш, 
гидротехникалық, ыстыққа төзімді, қышқылға төзімді, жол 
бетондары;
■ 
толтырғыш түрі бойынша — тығыз, борпылдақ және арнайы 
толтырғыштар;
■ 
құрылымы — тығыз, ұяшықты, ірі борпылдақты;
■ 
қатайту шарты бойынша — атмосфералық қысымда және 
автоклавты қатайтуда жылу ылғалды өңдеуі бар табиғи қатайту.
8.2.
АУЫР БЕТОНҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
 
Құрылыста цементті бетондар кеңінен қолданылады. Цемент түрі 
мен маркасын таңдау құрылыс мақсатында және оны пайдалану 
шартына тәуелді болады. Ауыр бетонның цемент маркасын бетонның 
жобалық класына тәуелді орнатады: 
Бетон класы
В7,5 В10 В15 В25 В30 В40 В45
(маркасы) (М100) (М150) (М200) (М300) (М400) (М500) (М600)
Цемент
Маркасы.............300 300 400 400 500 500...600 600
Толтырушылар бетонның 85.90% көлемін алады. Олар оның 
қасиеттерін жақсартады: қатты «қаңқаны» құрады және отырғызу 
деформацияларын төмендетеді, тығыздылықты арттырып, цемент 
шығынын азайтады. Жеңіл борпылдақ толтырушылар бетон 
тығыздылығын төмендетеді және оның жылутехникалық қасиеттерін 
жақсартады. 
Бетонда шағын және ірі толтырушыларды қолданады. Ауыр бетонға 
арналған шағын толтырушылар (0,16.5,00 мм түйіршіктегі) табиғи 
немесе жасанды құм болып табылады. 
Құм сапасы оның түйіршікті құрамымен және зиянды қоспалармен 
анықталады. Түйіршікті құрамы әртүрлі іріліктегі толтырушыдағы 
қатынасты көрсетеді. Құм ірі толтырушыдағы түйірлер арасында 
орналасады. Цементті қалып құм түйірін бүркеп, бос жерлерді 
толтырады. Оңтайлы түйіршікті құрам толтырушының тығыз түйіршік 
қаптамасын қамтамасыз етеді, бұл цемент шығынын төмендетіп, бетон 
тығыздығын арттырады. Құмның түйіршікті құрамы саңылауы 0,16... 
10,00 мм құрайтын құрғақ құмды стандартты електен елеу арқылы 
анықтайды. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет