Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет70/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145
сәулеттік материалтану

88
 
Ірі толтырғыш ретінде түйіршіктерінің өлшемі 5.70 мм қиыршық 
тастар немесе кесектерді қолданады. Қиыршық тастар -беті тегістелген 
жұмырлы формадағы түйір, ол тау жыныстарының табиғи бұзылуы 
нәтижесінде пайда болады. Әдетте ол шаң, балшық, кейде органикалық 
заттар, құм қоспасынан тұрады. Қиыршық тастағы бетонды қоспалар 
кесектердегі қоспалармен салыстырғанда қолайлы жайылу қабілетіне ие. 
Кесектер тау жыныстарын ұсақтау нәтижесінде алынған, бетонға 
арналған ірі толтырғыш болып табылады. Кесектер түйірі бұрышты 
формаға ие. Куб немесе тетраэдрға ұқсас форма ең жақсы болып 
саналады. Қиыршық тастарға қарағанда кесектер бұдыр болып келеді, 
түйіршіктердің беті олардың цементтік таспен тіркесуіне ықпал етеді, 
сондықтан жоғары тығыздықтағы бетон үшін әдетте қиыршық тасты 
емес, кесекті пайдаланады. 
Ірі толтырушылар үшін тығыздық, түйіршіктік құрам және зиянды 
қоспалардың құрамы, беріктік және суыққа төзімділік маңызды рөл 
атқарады. 
Кесектің (қиыршық тастың) оңтайлы түйіршіктік құрамында бос 
қуыстық 45 %-дан аспайды, бұл пайыздық қатынаста толтырушылардың 
түрлі фракцияларын араластыру арқылы орындалады. Кесектің (қиыршық 
тастың) бос қуыстығы аз болған сайын, түйіршіктерді отырғызу 
тығыздығы да үлкен болады. Толтырғыштың максималды ірілігі бетонды 
құрылыс мөлшеріне тәуелді болады жен оның минималды қимасының ¼ 
бөлігінен және арматуралы біліктер арасындағы жарықтың ең аз 
қашықтығының ¾ бөлігінен аспауы керек. 
Ірі толтырушы түйіршігінің тығыздығы бетон беріктігіне ықпал етеді 
және бастапқы тау жынысының тығыздығына тәуелді болады. Сондықтан 
ауыр бетондар үшін бетон беріктігінен 1,5 — 2 есе асатын беріктіктегі тау 
жыныстарынан алынатын кесектерді пайдаланады. 
Суыққа төзімділігі бойынша кесектер және қиыршық тастар 
маркаларған бөлінеді: F15, F25, F50, F100, F150, F200 және F300. 
Толтырушы маркасы бетонның тиісті суыққа төзімділігін қамтамасыз етуі 
керек. 
Бетонға бетон қоспасының және бетонның қасиеттерін жақсартатын 
арнайы қоспалар енгізілуі мүмкін: бетонды қоспалардың қозғалғыштығын 
арттыратын пластификациялаушы қоспалар; қатайтуды баяулататын 
немесе жылдамдадатын қоспалар; бетонның борпылдақтығын реттейтін 
қоспалар (газ және көбік тудырушы); гидрофобтандырғыш қоспа
антикоррозиялық қоспа және т.б. Пластификациялаушы қоспалар ретінде 
көбінесе беттік белсенді заттарды қолданады, оларды бетонға қосу
олардың қолайлы жайылуын айтарлықтай жақсартады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет