Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет94/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145
сәулеттік материалтану

121
 
Органикалық тұтқыр заттар негізіндегі материалдар ерітінділер, 
бетондар, мастикалар, эмульсиялар және пасталар, орама және
табақ материалдар, лак-бояу жабындылары (бояулар, лактар) және 
т.б. 
Асфальтті бетон қиыршық тастан (кесектен), құмнан, 
минералды ұнтақтан және битумнан құралатын арнайы таңдалған 
қоспаны қатайту нәтижесінде алынған жасанды материал. Олар 
жоғары механикалық тығыздықпен, икемді деформацияға
серпінділігімен, 
тазалау 
жеңілдігімен 
ерекшеленеді. 
Асфальтбетондар ыстық және суық күйінде қойылмалы болып 
бөлінеді. Оларды жол құрылысында және өнеркәсіптік, қосалқы 
үй-жайда қолданады. 
Мастикалар минералды толтырғыштар мен қоспалардан тұратын 
органикалық тұтқыр заттардың икемді жасанды қоспалары. Дайындау 
және пайдалану тәсілі бойынша олар ыстық және суық болады 
(органикалық еріткішті қосу арқылы) және ғимараттардың жерасты 
бояулы 
гидрооқшаулануын 
құру 
үшін, 
көпқабатты 
шатыр 
құрылысында орамды материалдарды жабыстыру үшін қолданылады. 
Эмульсиялар, астар және пасталар жеке материалдарды, орамды 
материалдарды жабыстыру үшін, қорғау қабатының құрылғысы үшін, 
бұйым беттерін гидрофобтау үшін пайдаланылады. Шатыр негізін 
орындайтын материалдардың беттерінде көптеген тесіктер болады
олар бірнеше рет қатуда және еруде жарылулардың пайда болуына 
ықпал етеді. Оларды тоқтату үшін тесіктерді гидрофобты тұтқыр 
затпен (су итеруші) толтырады немесе тұтас гидрофобты қабатпен 
жабады. Сіңдіргіш тұтқыр заттарға эмульсиялар, жағу материалдарына 
–астар мен пасталар жатады. 
Орама материалдар 10...30 м ұзындығында құрылысқа 
жеткізілетін жұқа қағазды материалдан тұрады. Оның 
артықшылығы –кез-келген конфигурациядағы жаппа немесе 
гидрооқшаулаушы жабын құрылғыларының қарапайымдылығы; 
негізгі кемшіліктері – тез жануы және шағын төзімділігі. 
Орама материалдары органикалық тұтқыр заттармен бітелетін 
негізгі (картон,шыныматалар және т.б), баяу балқитын құраммен 
және сеппе жағумен кезекті жабын, тұтқыр заттарды 
толтырушылармен 
және 
қоспалармен 
икемдеу 
арқылы 
дайындалатын негізсіз. Негізгі және негізсіз орама материалдар
шатыр және гидрооқшаулау құрылғылары үшін қолданылады.
Негізі жоқ материалдар ораманың жоғары икемділігі талап 
етілгенде, төменгі температурада алмастырылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет