116
Гипсті желдетуші блоктарды гипсоцементі-пуццоланды тұтқыр
затта қабат биіктігімен дайындайды. Гипс-бетонның тығыздығы 7
МПа кем болмауы керек.
Гипсокартонды табақтар (құрғақ сылау) - қатайтылған гипсті
біліктен (6...20 мм) тұратын, картонмен екі жағынан қапталған
өңдеу табақ материалдары. Ол материал беріктігін арттыру үшін
және бетін тегістеу үшін қолданылады. Гипсокартонды табақтарды
2,5.4,0 м ұзындығымен және 0,6.1,2 м енімен, 6,5.24,0 мм
жуандығымен, сонымен қатар, 0,6 х 1,5 м өлшеміндегі азформатты
табақ түрінде шығарады. Оларды қабырғаларды және төбелерді
өңдеу
үшін,
қалыпты
ылғалды
режимдегі
ғимараттар
қалқандарының
құрылғыларын
өңдеу
үшін
пайдаланады.
Гипсокартонды табақтар қарапайым, ылғалға төзімді, ашық отқа
қарсы тұру қабілеті жоғары, және ашық отқа қарсы тұру қабілеті
жоғары, ылғалға төзімді болып бөлінеді.
Қазіргі таңда өндірістік шарттарда жоғарытығыздықты винильді
жабындысы бар, боялған, полимері қабықшалармен немесе басқа
өңдеу материалдарымен қапталған сәндік гипсокартонды табақтар
шығарылуда.
Бұйымдардың беттері гидрофобтандырылады, бұл оларды
ылғалды матамен сүртуге және жууға мүмкіндік береді.
Гипсотүтікті табақтарды 10,0.12,5 мм жуандықпен, 1,2 м
енімен және 2,5 м ұзындықпен, ГТТ (гипстотүтікті табақтар) және
ГТЫТ (ылғалға төзімді) маркерлерімен шығарады. Олар ағаш
түктерімен, макулатурадан алынатын целлюлозалы түтіктермен,
картонды және қағазды өнеркәсіп қалдықтарымен армирленеді,
тығыздықтары және беріктіктері жоғары, ГТТ сияқты едендерді
төсеуде жиналмалы тұтастырғыштар үшін қолданылады.
Акустикалық тақталарды құрылыс гипсінен, армирленген
шыны түтіктен жасайды. Олар диаметрі 6.10 мм болатын тесіктері
бар өту перфорациясынан тұрады. Акустикалық тақталарды бөздің
төсеніш бетінен, мақта-маталы кездемеден немесе шыныматадан
және минералмақталы, шынытүтікті және басқа материалдардан
дайындалатын 0,05.0,10 мм дыбысжұтушы толтырушыны
пайдалана отырып төсеніш бетінсіз дайындайды. Олар әртүрлі
ғимараттардағы шу деңгейін төмендету мақсатында қабырғалар мен
төбелерді іштей қаптау үшін, киноконцертті залдарда, театрларда,
әртүрлі студиялық мекемелерде оңтайлы акустикалық шарттарды
құру үшін қолданылады.
|