Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет91/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145
сәулеттік материалтану

117
 
ТАЛШЫҚТАСЦЕМЕНТТІ БҰЙЫМДАР
Талшықтасцемент – цемент, су және талшықтастан тұратын 
қоспаны қатайту нәтижесінде алынатын жасанды тасты материал. 
Хризотил-талшықтас – түтікті құрылымы бар минерал. Оның 
ерекшелігі- цементтік таспен тіркесіп, оны армирлейтін және шағын 
тығыздықта (1 400... 2 100 кг/м
3
) бұйымдарға жоғары тығыздықты 
беретін (иілу тығыздығының шегі 30 МПа дейін, ал қысу беріктігі - 90 
МПа дейін) жұмсақ жұқа түтікшелерге бөліну қабілеттілігі. 
Талшықтасцемент - су өткізбейтін материал, электрлік тоқты 
өткізбейді, жанбайды, суыққа төзімді, механикалық өңдеуге оңай 
беріледі, дегенмен қатты соққы жүктемелерін қабылдамайды және 
ылғалдың өзгеруінде қисаймайды. 
Талшықтасцементті бұйымдар табақ (толқынды және жалпақ), 
құбырлар (сурет 11.4), желдетуші қораптар, панельдер мен тақталар 
болып жіктеледі. 
Табақтар және жалпақ тақтайшалардың екі түрін шығарады: 
тығыздалған және тығыздалмаған. Олардың беттері тегіс болуы 
мүмкін (жылтыраған немесе жылтырамаған) және бедерлі қарапайым 
сұр түстен тұрады, боялады немесе қапталады. Олар көбінесе 
қабырғалы панельдердің жиналмалы құрылымдары үшін, жабын 
тақтайшалары үшін, қалқандар, санитарлытехникалық кабина 
құрылғылары, желдетуші шахталар, қабырғаларды сылау үшін 
қолданылуы мүмкін. 
Сурет 11.4. Талшықтасцементті бұйымдар:
а, б
— жалпақ және тол-
қынды табақтар; 
в
— құбырлар 
 
В
11.3. 


118
 
Панельдер мен тақталар талшықтасцементті табақтардан 
жасалатын қатпарлы қорғау құрылымдарынан, қаңқадан, бұйымға 
байланыстырылған жылуоқшаулағыш материал қабатынан тұрады. 
Толқынды табақтар тұрғын-үй және өнеркәсіптік ғимараттар 
шатырының 
құрылғыларына 
қолданылады 
және 
монтаждың 
қарапайымдылығымен ерекшеленеді. 
Талшықтасцементі тікбұрышты қима қорабы өнеркәсіптік қосымша 
және тұрмыстық мекемелердің, өнеркәсіптік, тұрғын-үй және 
азаматтық 
ғимараттар 
ауасын 
желдетуші 
құрылғылар 
үшін 
қолданылады. 
Құрылыста талшықтасцементті құбырлар кеңінен қолданылады, 
олар жабық қысымды және сыртқы су таратқыштары және ішкі
сыртқы кәріз жүйелері мен суағардың қысымсыз, желдетуші түрлері 
және т.б болып бөлінеді. Олар болат құбырлардың үнемді және сенімді 
алмастырушылары болып табылады және жеткілікті механикалық 
беріктікке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет