Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет97/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145
сәулеттік материалтану

124
 
Фольганың шағылыстыру қабілеті есебінен шатырдың қызу 
температурасы 20 °С төмен болады (қара түсті ұқсас шатырлар 
температурасымен салыстырғанда). Материал өңдеуге икемді, жақсы 
кесіледі және жақсы қағылады. Фольгоизолды әртүрлі еңістігі және 
конфигурациясы бар орама кілемінің жоғарғы қабаты үшін, 
құбырларды жылу оқшаулаудан қорғайтын құрылғылар үшін
гидроқшаулаушы материалды шығарады. Фольгоизол пайдалану 
мерзімінде ерекше күтуді талап етпейді. 
Металлоизол — екі жағынан мұнай битумымен жабылатын 
аллюминийлі фольгадан тұратын орама материал. Ол үзілуге берік, 
икемділігі жоғары және ұзақ мерзімді; жерасты ғимараттарының
желімді гидроқшаулануы үшін пайдаланылады. 
Жеке жаппа материалдары еңісті шатырларға арналған және 
икемді битумды жабынқышпен және толқынды битумды табақтармен 
ұсынылады (сурет 12.1). 
Битумды жабынқыш бір шеті бойынша (гонт) фигуралы 
кесінділері бар жазық шағын табақтардан тұрады. Оның негізі – екі 
жағынан сапалы битуммен жабылған шыныкенеп. 
Сурет 12.1. Жеке битумды жаппа материалдары:
а
— икемді жабынқыш: 
1
— жабынқыш күлтелерінің формасы; 
2
— гонт; 
б
— 
толқынды битумды табақтар


125
 
Төменгі беті түрлендірілетін битумның өзі желімделетін қабатынан 
тұрады, сол арқылы шатырдың 100%-дық бекітілуі қамтамасыз етіледі 
және сонымен қатар монтаж үрдісі жеңілдетіледі. Жоғарғы беті
базальт немесе тақтатас түйіршіктегішінің түрлі-түсті ірі түйіршікті 
сеппесімен жабылған, олар материалға түсті реңдерді береді, олар 
климаттық әрекеттерден қорғайды және пайдаланудың ұзақ мерзімін 
қамтамасыз етеді. 
Өзінің икемділігіне байланысты, битумды жабынқыш кез-келген 
күрделіліктегі 
шатырды 
құруға 
мүмкіндік 
береді, 
толық 
гидроқшаулауды және материалдың минималды шығындарын 
қамтамасыз етеді. 
Толқынды битумды табақтар (еврошифер) битум қысымымен
толтырылған және полимермен боялған немесе жабылған, қайта 
өңделіп, тығыздалған картоннан немесе шынытүтіктен жасалған 
шатырларға арналған гофрленген табақты материалдан тұрады. 
Сыртынан еврошиферге ұқсас талшықтас-цементті табақтарға 
қарағанда, ол - жеңіл және соққығ төзімді. Еврошифер ультракүлгін 
сәулеленуге және қышқылды жаңбырларға төзімді болып келеді. 
Табақтары икемді, оларды 5... 8 м радиусында түзу және қисықсызықты 
беттерде қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет