128
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар қышқыл
ерітінділерінің, сілтілердің, органикалық ерітінділердің, жоғары
коррозиялық әрекеттеріне химиялық тұрақты болып келеді. Олар
дәнекерленуге, жонылуға және бұрғылауға оңай беріледі;
жылтыратуды талап етпейтін беттен тұрады; жоғары сәнделген;
барлық жуандығы боялған. Пластмассаның жеке түрлері
(органикалық шынылар) жоғары мөлдірлікке ие, ол алмаздың
қатысты мөлдірлігінің 85...94 шектерінде (100-бен қабылданған)
болады.
Дегенмен шағын беттік тығыздық, төмен жылутөзімділік,
жанушылық, улылық, жоғары температуралы және отырғызу
деформациялары және сырғыштық, шағын төзімділік пен пайдалану
мерзіміндегі
құрылымның
жеткіліксіз
тұрақтылығы
бұл
материалдарды мінсіз деп мүмкіндік бермейді.
13.2
.
ПЛАСТМАССА ӨНДІРІСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
Полимерлі материалдар мен бұйымдарды әртүрлі тәсілдермен
дайындайды (сурет 13.1), оларды таңдау бұйымның құрылымды
ерекшеліктеріне және құраушылар қасиеттеріне тәуелді болады.
Сонымен, жылупластикалық полимерлер негізіндегі бұйымдарды
қысыммен құю, сығып құю, біліктеу, жылуқалыптау, тығыздау,
қандай-да бір негізді жағу, үздіксіз профильді піспектеу, үрлеу
арқылы алады (шынығы ұқсас). Жылуреактивті пластмассаларды
арнайы тығыздау формаларына сығып құю арқылы қайта өңдейді.
Бумен өңдеп үтіктеу — каландрдың қыздырушы айналу
біліктері арасындағы саңылаулар арқылы өткізу кезінде
композицияның үздіксіз лентасын қалыптау. Материалдың
пластикалық лентасы белгілі жуандықты және тегістелген бетті
қабылдайды. Бумен өңдеп үтіктеу арқылы орамды және тақтайлы
материалдар мен қабықшаларды дайындайды.
Сығып құю — қалыпты бастиек (мундштук) арқылы полимерлі
композияцияны сығудың үздіксіз үрдісі, алынатын бұйым немесе
жартылай
өнім
профилін
анықтайтын
шығу
арнасының
геометриялық формасы. Линолеум, бойлық бұйым, қабықшалар мен
құбырларды дайындауды сығып құю пайдаланылады.
|