126
13 Бөлім
ПОЛИМЕРЛЕР НЕГІЗІНДЕГІ
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ
ПЛАСТМАССАНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ҚАСИЕТТЕРІ
Пластмассалар — көптеген көрсеткіштер бойынша өзінің
бәсекелестерінен асып түсетін прогрессивті құрылыс материалдары.
Мысалы, құрылымдық сапасының коэффициенті (қысу тығыздығының
орташа тығыздыққа қатынасы) пластмассалар үшін әдетте 1 ...2, ал
жеңіл металды балқытпалар, кірпіштер үшін ол шамамен 0,02 құрайды;
В15 класындағы ауыр бетондар үшін— 0,08; Ст3
маркасындағы болат
үшін — 0,5; қарағайлар үшін — 0,7.
Осы материалдарды пластмассалармен алмастыруда көптеген
жағдайларда
жоғары
технико-экономикалық
әсер
алынады.
Пластмассаның әрбір тоннасы 5,6 т болатты, 3,4 т түсті
металдарды
үнемдеуге мүмкіндік береді. Полимерлі құрылыс материалдарының
өндірісіндегі күрделі салымдар, дәстүрлі
құрылыс материалдарына
қарағанда 2—3 есе аз болады. Пластмассаларды автоматтандыру деңгейі
жоғары жаңа технологиялар бойынша заманауи құрылғыда өндіреді, ал
оларды пайдалану құрылыс индустриализациясының
деңгейін арттырады
және материал сыйымдылық деңгейін төмендетеді.
Пластмассалар (пластикалық массалар) – қызу және қысым кезінде
қалыптанатын
және
өзінің
формасын
тұрақты
сақтайтын
жоғарымолекулярлы байланыс-полимерден тұратын материалдар.
Полимер барлық пластмассалардың негізгі құраушысы болып табылады,
байланыстырғыш рөлін атқарады және оның негізгі техникалық
қасиеттерін анықтайды.
Температуралық әрекеттерге қатысты
полимерлер жылуикемді және
жылуреактивті болып бөлінеді.
Жылуикемді полимерлер қызу кезінде икемді болып келеді, ал
суытылғаннан кейін қатаяды. Егер оларды қайта қыздырса, олар қайта
жұмсарып, икемді бола бастайды; мұндай операцияны бірнеше рет
қайталауға болады. Мұндай полимерлердің мысалына полиэтиленді,
полистиролды және поливинилхлоридті шайырлар жатады.