17
Материал суреті оның бетінде сипатты құрылымды көрсететін
табиғи, құрылыс ерекшелігі (кеңістік мұндай көрінетін суреті
текстура деп аталады), немесе материал(өнім) бетіне бояумен,
мөрмен салынған жасанды болады.Сурет түрлі түсті (хроматикалық)
және қара ала (ахроматикалық) болуы мүмкін. Сурет (текстура)
материалдардың басқа да эстетикалық сипаттамалары сияқты
ғимарат пен құрылыстың сыртқы және ішкі әрлеуінің өзінділігі мен
қабылдауына әсер етеді. Егер ғимарат әрлеуі үшін майда сурет пен
тегіс фактурамен біртүсті материал қолданса, онда көлем үлкен
болып көрінеді. Горизонталды сурет пен рельеф визуалды түрде
ғимараттарды ұзартады.
Материалдардың бір бірімен және қоршаған ортамен мүмкін
болатын байланысу саны үлкен. Олардың әрқайсысы нақты жағдайға
байланысты жарамды немесе жарамсыз болуы мүмкін,және бірінші
кезекте, архитектормен шешілетін функционалды және сурет
міндеттеріне байланысты.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
▪
Материалдардың шынайы және орташа тығыздықтарының
айырмашылықтары неде?
▪
Кеуектілік пен қуыс түрлері материалдың басқа қасиеттеріне
қалай әсер етеді?
▪
Суыққа төзімділік пен суыққа төзімділік бойынша марка
дегеніміз не?
▪
Материалдың отқа тұрақтылығы мен қызуға төзімділігінің
айырмашылығы неде?
▪
Материал беріктігі неге байланысты және ол қалай
анықталады?
▪
Қаттылық
пен
желінушілік
жайында
айтып
беріңіз.Материалдардың қандай тобы үшін бұл қасиеттер
негізгі болып табылады?
▪
Материалдар мен конструкциялар ұзақмерзімділігі неге
тәуелді?
▪
Эстетикалық қасиет дегеніміз не және олар немен
сипатталады?
18
2 Бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |