19
2.1 сур. Ағаш діңгегінің кесіндісі (а) мен құрамдас бөліктері (б)
кішігірім
орташа тығыздық, жеткілікті беріктік, аз жылуөткізгіштік,
жоғары ұзақмерзімділік (дұрыс қолдану мен сақтауда)
және химиялық
тұрақтылық, өңдеу жеңілдігі саналады. Кемшіліктерге құрылыстың
әртүрлілігі, шіруден тез бұзылу қабілеті мен оңай жану жатқызылады.
Талшықты құрылыс нәтижесінде сүрек анизотропты материалдарға
жатқызылады, яғни әртүрі бағыттардағы
оның барлық физикалық және
механикалық қасиеттері әртүрлі.
Гидрофильді табиғат пен талшықты кеуекті құрылымы нәтижесінде
сүрек қолданудың температуралық-ылғалды жағдайы өзгеруде ылғалды
оңай сіңіріп, береді. Ылғалдыққа қатысты сүрек келесідей бөлінеді:сулы
– жаңа кесілген (ылғалдылық 35%-дан жоғары), ауа-құрғақ (ылғалдылық
– 15...20%) және бөлмелі – құрғақ (ылғалдылық – 8...12%) .Сүрек
ылғалдылығы 12% болса, онда ол
стандартты ылғалдылық болып
саналады, онда оның қасиетін анықтап, салыстырады.
Ылғалдылықтың ауытқуы өнім өлшемі мен формасының өзгеруіне
алып келеді. Сүрек әртүрлі бағыттарда бірдей емес кебеді (2.2 сур.),
нәтижесінде ол
шалыстануға алып келеді, сөйтіп, ішкі кернеу мен
өнімнің сынуы пайда болады. Ағаш конструкциялары үшін ол
конструкцияда жұмыс істейтін
ылғалдықтағы сүргекті қолдану керек.
Сүргектің жылуөткізгіштігі 0,16.0,30 Вт/(м • °С) құрайды;талшық
бойында ол көлденеңге қарағанда 1.8 есе жоғары.