54
ТАС ЖӘНЕ ҚОЖ ЕРІТІНДІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС
МАТЕРИАЛДАРЫ
Табиғи тасты алу мен өңдеу механикалық әсер мен сәйкесінше
зақымдану мен беріктік пен ұзақмерзімділіктің бәсеңдеуімен (тастың өзі
біртекті емес) байланысты. Алайда тас түрінен ерітіндіден балқыту
әдісімен жоғары қолданыс қасиетімен құрылыс материалдарын алуға
болады. Тас құймасын өндірудің бастапқы шикізаты ретінде магмалық
(базальт, диабаз) пен шөгінді (доломит, әктас,құм) таулы түрлерді
қолданады. Алғашқысы қою боялған өнімдер берсе, екіншісі – ашық
боялған.
Олар біртүрлі, тығыз, майда кристаллды құрылымға ие, агрессиялы
әсерге жақсы қарсыласады: көпретті қату – еру, қарқынды қажалу,
химиялық агрессиялы заттардың әсері мен көптеген табиғи тас
материалдарынан
асып
түседі.
Сондықтан
олардан
әрлеу
тақтайшаларын, жолды төсеу кеспе тас, сонымен қатар минералды
мақтаға негізделген жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
жасайды.
Тас құймасын алу үшін металлургиялық қождарды қолдануға болады.
Еріген қож өнімдерінің бағасы теріген таулы түрлерге қарағанда арзан,
себебі оларды алу үшін шихтаны еріту қажеттілігінсіз металлургиялық
пештен сұйық қож қолданады.Жол төсеу,агрессиялы сұйықтықтар
тасымалдау үшін тығыз тастар мен тақтайшалар алады. Домна қожы
ерітіндісінен (оның тез сууынан кейін) жеңіл бетондар үшін кеуекті
толтырушы болатын қожды кеуектас (термозит) алады.
Құрылыс үшін үлкен болашаққа қожситаллдар ие, ол ситаллдарға
сипатты
бағалы
техникалық
қасиеттерді
сақтауда
шикізатқа
қолжетімділікпен шартталады. Бұл металлургия қождары, кварц құмы
мен кейбір қоспалар негізінде алынған әйнектің бақыланатын
кристаллдануы
жолымен
алынған
әйнеккристалдды
материалдар.Қожситалл тығыз, жұқа түйіршікті және тұнық емес
материал болып табылады.
Жоғары беріктілік пен тозуға тұрақтылық, суға төзімділік, отқа
төзімділік, улы емес және химиялық тұрақтылық сияқты қожситаллдың
мұндай физико-техникалық қасиеттерінің үйлесімі оларды өнеркәсіптік
және азаматтық құрылыста қолдануға кең мүмкіндік береді.Олардан
сыртқы
қабырға
мен
қалқа
панельдері,
еден,
шатыр
жабындылары,құрылыс конструкциясы қаптамасы мен санитарлы-
техникалық құрал жасайды.
|