49
Күннен қорғайтын әйнек инфрақызыл және басқа да жылу күн
сәулелерін ұстап тұрады. Оны ыстық әйнектің бетіне әртүрлі
металлдардың тұздарын қосу арқылыалады. Ыстық жағдайда күн сәулесі,
мұндай әйнектен өту арқылы 70%-ға суығырақ болады, ал қысқы уақытта
ол қатпайды.
Мұндай әйнек тоқ өткізеду, гидрофобтылыққа ие. Жылу
сіңіретін күннен қорғайтын әйнектердің ерекше түріне ғимаратқа жылу
келуді автоматты бақылауды қамтамасыз ететін фотохромды әйнек
жатады. Күн сәулесінің әсерінен олар қараяды,
радиация азаюда жарық
тұнықтығы қалпына келеді.
Селективті әйнек – жақсы жылуизоляцияны қамтамасыз ететін беті
бар әйнек. Күн жарығы (қысқа толқынды сәуле шығару) одан дақсы
өтеді, ал жылу сәулесі (ұзын толқынды) пәтерге қайта түседі.
Увиольды әйнек темір, титан, хром оксидтерінің қоспасының
минималды құрамымен шикізаттан алынады. Ол 25%
-дан кем
болмайтын ультракүлгін сәулесін өткізеді. Оны шипалы, балалар
мекемелері, жылыжай және т.б. әйнектеу үшін қолданады.
Шыңдалған әйнек әйнек көлемі бойынша кернеуді бөлуді жасау
мақсатында арнайы термикалық өңдеуге түседі. Ол соғу тұрақтылыңы 5-
10 есеге, бүгіліс төзімділігінің 2-3 есеге, әйнектің жылутұрақтылығының
3-4 есеге (40 до 180 °С) артылуына алып келеді.
Шыңдалған әйнек көрме,
тұтас әйнектелген есік, қалқа мен басқа да қоршау конструкцияларын
әйнектеу үшін қолданылады. Оларға соғу әсеріне жоғары тұрақтылық
талаптары қойылады.
Толқынды әйнек армирленген және армирленбеген болуы мүмкін. Ол
жоғары қаттылық пен беріктікпен ерешеленеді; шатыр, шам мен қалқаны
әйнектеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: