Өріс— ДҚ жазбасының атаулы ең кіші элементі.
Ақпараттар ағыны — ақпараттардың бір бағытта кеңістікте және
уақытпен қозғалу барысында қарастырылатын деректер тобы. Осы деректерде жалпы дереккөздер мен жалпы қабылдағыш бар.
Бағдарламалық үлгі — белгілі атқарымдық мүмкіндіктерді жүзеге
асыратын және стандартты байланыс блоктарына есептелген бағдарламалық блок.
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету — атқарымдық міндеттерді шешімінің бағдарламалық құралдары.
Хаттама — деректерді компьютер желісінің компоненттері арасында
таратылуын анықтайтын ережелер жиынтығы. Интернетте екі басты хаттама қолданылады: IP (InternetProtocol) — желіаралық хаттама және TCP (TransmissionControlProtocol) —ақпараттарды тарату хаттамасы.
Өнім — зат түрінде ұсынылған және шаруашылық және басқа мақсатта бұдан әрі қолдану үшін арналған қызмет нәтижесі.
Реинжиниринг — мұраланған жүйені, оның жобасын қайта құрылымдау және жаңа түрде оны қайта жүзеге асыру үшін оқып зерделеу
және өзгертуге бағытталған үдеріс.
CASE-технология (CASE)— ComputerAidedSoftware Enginee- ring) — әртүрлі жүйелерді ПҚ құру және сүйемелдеу технологиясы
Сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету — негізгі бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалар
және бағдарламалар кешені және қолданушы жұмысы үшін анағұрлым қолайлы ортаны ұйымдастырады (компьютерге қызмет көрсету утилиталары және архиваторлар және т.б.).
Сертификаттау— сәйкестікті растау нысаны, оның барысында сертификаттау органы құжаттамалы түрде, өндіріс өнімі мен үдерістері
(әдістер), жұмыстар мен қызметтерді пайдалану және кәдеге асыру техникалық реттемеің белгіленген талаптарына немесе стандарттар жағдайына сәйкес келетіндігін куәландырады.
Сәйкестік сертификаты — сертификатталған құжат, сертикатталатын өндіріс өнімі мен үдерістері (әдістер), жұмыстар мен
қызметтерді пайдалану және кәдеге асыру техникалық реттеменің белгіленген талаптарына немесе стандарттар жағдайына сәйкес келетіндігін куәландыратын құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |