Жүйе — бір немесе бірнеше қойылған мақаттарға қол жеткізу үшін реттелген өзара әрекет ететін элементтер жиынтығы.
Дерекқорды басқару жүйесі (ДБЖ) — көптеген қолданушылармен ДҚ құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдар жиынтығы. ДБЖ үлкен ауқымды деректерді құруға және сақтауға және олармен айла-шарғы жасауға мүмкіндік береді.
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету — компьютер мен
есептеу құрылғыларының жұмысын қамтамасыз етуге арналған
201
бағдарламалар жиынтығы мен бағдарламалар кешені.
АТ жиынтық меңгеру құны (Total Cost of Ownership — ТСО)
ақпараттық жүйелерді пайдаланудан шығарғанға дейін енгізу және қамтамасыз етуге кеткен барлық шығындар.
Жүйе жағдайы — жүйеде қол жетімді ресурстардың, оның күтілетін нәтижелерге қатысты қарым-қатынасын немесе оның бейнесін, шығыс
деректерінің жүйедегі кіріс деректермен түрлендіру механизмінің
«фотосуретін» анықтайтын ресурстар (материалдық, энергетикалық, ақпараттық, кеңістіктік, уақыттық, адами, ұйымдастырушылық) жиынтығын белгілеу.
Хабарлама — мағыналық құрылымнан тұратын ақпараттар ағыны.
Сканирлеу — нәтижесінде қағаз құжаттың бейнесі қалыптасатын технологиялық үдеріс.
Міндеттерді құрылымдау (құрылатын) — барлық элементер мен
олардың арасындағы өзара байланыс көрсетілетін міндет атауы.
Ақпаратты құрылымдау— нақты ААЖ нысандандырылмаған құжатталған ақпаратты ұсыну үдерісі.
Тезаурус — дескрипторлардың түсіндірме сөздігі (сөздер мен сөз
тіркестері), мағынасы басқа лексикалық бірліктермен (депкриптор) байланыс арқылы түсіндіріледі.
Ақпараттарды технологиялық өңдеу үдерісі — ақпараттарды
оның пайда болған мезетінен бастап (жүйеге кірген) қолданушының тұтынуына дейінгі қойылған мақсаттарға сәйкес ақпараттарды түрлендіру бойынша өзара байланысты операциялар кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |