Оқулық экономикалық мамандықтардың студенттеріне, магистрлерге, оқытушыларға, өзбетінше ізденушілерге арналған



бет2/2
Дата04.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#175884
түріОқулық
1   2

А) жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейінің бірінші және бесінші жылдардағы санын анықтаңыз;

Ә) жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың бірмезгілде өсуін қалай түсіндіресіз?
Есеп 5

Елдегі баға деңгейі 2008-жылы 1200 ш.а.б., ал 2006-жылы 1000 ш.а.б.-не тең. Базистік мерзім 2006-жыл деп алып, есептік кезеңдегі инфляция қарқынын анықтаңыз.


Есеп 6

Ерболдың бір жылдағы еңбек ақысы 800000 теңге. Осы жылдағы инфляция деңгейі 10 % болса,

а) Ерболдың нақты табысының шамасы қандай?

ә) егер, осы инфляция қарқынында Ерболдың еңбек ақысы 20 %-ға өскен болса, нақты табысының өзгерісі қандай?


Есеп 7

Есептік кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі 9 %, инфляцияның күтілген деңгейі 10 %. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5 % деп алып, нақты еңбек ақының өзгерісін анықтаңыз. Нақты еңбек ақының жұмыссыздық деңгейіне бейімделу коэффиценті 1,2-ге тең.



ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТЛЕР

&&&1


Егер ЖІӨ-нің тепе-теңдік көлемі оның әлуетті деңгейінен жоғары болса, онда:

A) Баға деңгейі көтеріледі;

B) Жұмыссыздың деңгейі жоғарылайды;

C) Дефляциялық үзіліс пайда болады;

D) Жиынтық ұсыныс автоматты түрде ұлғаяды;

Е) Жиынтық сұраныс автоматты түрде ұлғаяды.

&&& 2

Егер іс жүзіндегі ЖІӨ көлемі толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ көлемінен артып кетсе, онда бұл экономикада ... барлығын білдіреді:



А) инфляция;

B) дефляция;

C) циклдық бюджеттік дефицит;

D) төлем балансы дефициті;

Е) стагфляция.

&&& 3


Экономика жұмыспен толық қамтылу шартында тепе-теңдік жағдайында. Үкімет, тауарлар мен қызметтерді сатып алудың сомасын 10 млрд. теңгеге ұлғайтуды және сонымен бір мезгілде инфляцияны болдырмау үшін салықты көтеруді қалайды. Яғни ЖІӨ бұрынғы тепе-теңдік деңгейін сақтауға ұмтылады. Салықтарды көтерудің шамаланатын мөлшері неге тең?

A) 10 млрд. теңге;

B) 10 млрд. теңгеден көбірек;

C) 10 млрд. теңгеден аз (бірақ 0-ге тең емес);

D) 0;

Е) 0-ден аз, яғни салықтық түсімдер азайтылуы керек.



&&& 4

Инфляция – бұл:

A) Мемлекеттік қарызды ұстаушыларға салынатын салық, ол бюджет тапшылығының көлемін қысқартады;

B) Мемлекеттік қарызды ұстаушыларға салынатын салық, ол бюджет тапшылығының көлемін ұлғайтады;

C) Үкіметке салынатын салық, ол бюджет тапшылығының көлемін қысқартады;

D) Үкіметке салынатын салық, ол бюджет тапшылығының көлемін ұлғайтады;

Е) Мемлекеттік қарызды ұстаушыларға салынатын салық, ол бюджет тапшылығының көлеміне әсер етпейді.

&&& 5


Басқа тең жағдайларда, ірі бюджеттік тапшылық, жұмыспен толық қамтылу кезеңінде:

A) Нақты пайыздық мөлшерлеменің өсуіне алып келеді;

B) Ұлттық валютаның халықаралық құндылығының төмендеуіне алып келеді;

C) Шығындардың өсуімен шартталған инфляцияға алып келеді;

D) Экспорттың импорттап артуына алып келеді;

Е) Нақты пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді.

&&& 6

Циклдік негізде балансталған мемлекеттік бюджет:



A) Экономикалық құлдырау кезеңіндегі мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтардың төмендеуінің салдары болар еді;

B) Инфляциялық құлдырау кезеңіндегі мемлекеттік шығындардың қысқаруы мен салықтардың өсуінің салдары болары еді;

C) Инфляциялық өрлеу кезеңдегі мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтардың төмендеуінің салдары болар еді;

D) Инфляциялық өрлеу кезеңіндегі мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтардың тұрақты мөлшерлемесінің салдары болар еді;

Е) Экономикалық құлдырау кезеңіндегі мемлекеттік шығындардың қысқаруы мен салықтардың төмендеуінің салдары болар еді.

&&& 7


Егер жиынтық сұраныс, жұмыспен толық қамтылу жағдайында ЖІӨ деңгейін жоғарылатса, онда бұл экономикада не барып білдіреді?

A) Инфляциялық үзілістің;

B) Қаржылық шектеулердің;

C) Дефляциялық үзілістің;

D) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың табиғи теңдестігін;

Е) Бюджеттік дефициттің.

&&& 8

Келесі ұғымдардың қайсысы іскерлік циклдің фазаларына жатпайды?



A) инфляция;

B) тоқырау;

C) құлдырау;

D) өрлеу;

E) жандану.

&&& 9


Ақша массасының ұлғаюы ұлттық өнімнің нақты көлеміне және жұмыспен қамтылу деңгейіне ешқандай ықпал етпейді немесе өте аз әсер етеді:

A) Жиынтық ұсыныс қисығының классикалық бөлігінде;

B) Жиынтық ұсыныс қисығының аралық бөлігінде;

C) Жиынтық ұсыныс қисығының кейнстік бөлігінде;

D) Жиынтық ұсыныс қисығының аралық және классикалық бөліктерінде;

Е) Жиынтық ұсыныс қисығының барлық бөліктерінде.

&&& 10

Егер экономика бағалардың тұрақтылығы жағдайында жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен сипатталатын болса, онда төменде келтірілген мемлекеттік шаралардың қай комбинациясы жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік береді?

A) Ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және мемлекеттік шығындарды ұлғайту;

B) Ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және салықтарды қысқарту;

C) Мемлекеттік бағалы қағаздарды ашық нарықта сату және мемлекеттік шығындарды қысқарту;

D) Мемлекеттік бағалы қағаздарды ашық нарықта сатып алу және салықтарды ұлғайту;

Е) Ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және салықтарды ұлғайту.

&&& 11


Жуық арада қайтадан жұмысқа орналасатынына үмітті адам:

A) Жұмыссыздардың қатарына жатады

B) Жұмыспен қамтылғандар санатына жатады

C) Жұмыс күшінің құрамында есепке алынбайды

D) Жұмыспен толық қамтылмаған ретінде қарастырылады

Е) Жұмыс табудан үмітін үзген адам ретінде қарастырылады

&&& 12

Экономикадағы құлдырауға байланысты жұмысын жоғалтқан адам жұмыссыздықтың қай санатына жатады?



A) циклдік жұмыссыздық

B) құрылымдық жұмыссыздық

C) уақытша (фрикциондық) жұмыссыздық

D) маусымдық жұмыссыздық

Е) жұмыссыздыққа жатпайды

&&& 13


Егер жұмыстан өз еркімен босаған адам, жұмыс күшінің құрамына енсе, бірақ әлі жұмыс таппаса, онда ол жатады:

A) Жұмыссыздықтың уақытша (фрикциондық) түрі

B) Жұмыссыздықтың құрылымдық түрі

C) Жұмыссыздықтың циклдік түрі

D) Перманенттік жұмыссыздық

Е) Жұмыссыздықтың циклдік және перманенттік түрі

&&& 14

Дж. М. Кейнстің пікірінше :



A) Жұмыссыздықтың төмендеуіне жағдай жасау үшін үкімет мемлекеттік сатып алу және салықтарды қолдану қажет

B) Нарықтық жүйеде, өзі қысқа мерзімде жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті механизмдер бар

C) Экономика орталықтандырылған жоспарлаудың негізінде дамуы керек

D) Жеке меншікті жою қажет

Е) Экономиканың тиімді дамуы үшін қоғамдық меншік қана жағдай жасайды

&&& 15


Жеткіліксіз жиынтық сұраныс неге алып келеді?

A) Жұмыссыздық циклдік түрінің өсуіне

B) Жұмыссыздықтың құрылымдық түрінің өсуіне

C) Жұмыссыздықтың фрикциондық түрінің өсуіне

D) Жұмыссыздықтың бүркеме (жасырын) түрінің өсуіне

Е) Жұмыссыздық циклдік түрінің кемуіне

&&& 16

Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің оның табиғи деңгейінен 4 %-ға жоғары болуы, іс жүзіндегі ЖІӨ көлемінің нақты ЖІӨ көлемінен неше пайызға кем болуы мүмкін екенін білдіреді?



A) 10 %

B) 2,5 %


C) 4 %

D) 2 %


Е) 3 %

&&& 17


Егер атаулы табыс 8 %-ға өссе, ал баға деңгейі 10 %-ға көтерілсе, онда нақты табыс:

A) 2 % төмендейді

B) 18 % ұлғайды

C) 2 % ұлғайды

D) 18 % төмендейді

Е) өзгеріссіз қалды

&&& 18

Күтілмеген (болжанбаған) инфляциядан ең аз зардап шегетіндер:



A) Баға деңгейі төмен болған кезде қарыз алғандар

B) Атаулы табыстары ұлғаятын, бірақ баға деңгейінің жоғарлауынан баяу өсетіндер

C) Сақталған ақшалары барлар

D) Тұрақты (тіркелген) атаулы табыс алатындар

Е) Баға деңгейі жоғарлағаннан кейін қарыз алғандар

&&& 19


Төмендегілердің қайсысының өндіріс шығындарының өсуімен шартталған инфляцияға қатысы жоқ?

A) Өнім бірлігіне жұмсалатын шығындардың өсуі

B) Жұмыспен қамтылу мен өндірістің өсуі

C) Жалақының қуып жетушілік өсуі

D) пайыздық мөлшерлеменің өсуі

Е) Жиынтық сұраныстың өсуі

&&& 20

Жалпы шығындардың өсуі инфляцияға алып келеді, егер:



A) Экономика жұмыспен толық қамтылу шартында дамыса

B) іс жүзіндегі ЖІӨ және капиталдың көлемі тең болса

C) Жұмыс күшінің саны өспесе

D) Жұмыс күшінің саны өссе

Е) іс жүзіндегі ЖІӨ және капиталдың көлемі тең болмаса

&&& 21


Инфляция немен байланысты болу мүмкін?

A) Егер экономика жұмыспен толық қамтылу шартында дамыса, ЖІӨ-нің өсуімен

B) Оның даму көздеріне тәуелді ЖІӨ-нің өсуімен немесе төмендеуімен

C) Тек ЖІӨ-нің төмендеуімен

D) Тек ЖІӨ-нің өсуімен

Е) ЖҰӨ өсуімен

&&& 22

Күтпеген (болжанбаған) инфляцияға әдетте келесі құбылыс тән:



A) Экономиканың тиімділігінің төмендеуі

B) Экономикалық залалдың болмауы

C) Байлық пен табыстың қайта бөлінуі

D) Экономиканың тиімділігінің өсуі

Е) табыстың қайта бөлінуі

&&& 23


Қай теория инфляция мен жұмыссыздықтың бір мезгілде болуы мүмкін емес екенін дәлелдейді?

A) Кейнстік теория;

B) Казіргі заманғы ақшаның саңдық теориясы;

C) Парасатты үміт теориясы;

D) Ұсыныс экономикасы теориясы;

Е) Жаңа институционалдық теория.

&&& 24

Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен:



A) Жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланысты тіркейді;

B) Ақша ұсынысы арасындағы байланысты тіркейді;

C) Пайыз деңгейінің арасындағы байланысты тіркейді;

D) Саяси экономикалық циклдың арасындағы байланысты тіркейді;

Е) Нақты пайыздық мөлшерлеменің арасындағы байланысты тіркейді.

&&& 25


Ұзақ мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығының қысқа мерзімді кезеңдегімен салыстырғанда тік болуы:

A) Ұзақ мерзімге қарағанда, қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің арасында әлдеқайда тығыз байланыс байқалатынын көрсетеді;

B) Ұзақ мерзімде жұмыссыздық пен пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің арасында байланыс жоқ екенін көрсетеді;

C) Қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасында байланыс жоқ екенін көрсетеді;

D) Тек ұзақ мерзімді кезеңде ғана инфляция мен жұмыссыздық арасында байланыс бар екенін көрсетеді;

Е) Ақша ұсынысының ұлғаюы инфляцияға алып келмейтінін көрсетеді.

&&& 26

М. Фридменнің көзқарасына сәйкес:



A) Жұмыссыздық пен инфляция деңгейі арасында ұзақ мерзімді кезеңде байланыс жоқ;

B) Ақша-несие саясатына қарағанда фискалдық саясат экономикаға күштірек әсер етеді;

C) Қысқа мерзімді кезеңде инвестициялық шығындар мен пайыздық мөлшерлеме деңгейінің арасында байланыс жоқ;

D) Мемлекет экономикалық үдерістерге белсенді түрде араласуы қажет.

Е) Жұмыссыздық пен инфляция деңгейі арасында ұзақ мерзімді кезеңде байланыс жоқ алып келеді;

&&& 27


М. Фридменнің пікірінше, егер жалдамалы жұмысшылар экономикалық өрлеудің ерте сатысында баға серпініне қатысты өздерінің болжамдарында қателессе, онда:

A) Жұмыссыздықтың деңгейі төмендейді;

B) Жұмыссыздықтың деңгейі тұрақты болып қалады;

C) Жұмыссыздықтың деңгейі өседі;

D) Инфляцияның деңгейі төмендейді;

Е) Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі төмендейді.

&&& 28

М. Фридменнің пікірінше жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезіндегі еңбек нарығындағы тепе-теңдік:



A) Күтілген және іс жүзіндегі инфляция деңгейлерінің дәл келуін білдіреді;

B) Жиынтық сұраныс пен өндірістің ағымдағы көлемі арасындағы тепе-теңдікті білдіреді;

C) Уақытша және құрылымдық жұмыссыздықтардың жоқтығын білдіреді;

D) Нақты инфляция деңгейінің күтілгеннен жоғары болуын білдіреді;

Е) Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздық деңгейлерінің тепе-теңдігін білдіреді.

&&& 29


Қазіргі уақытта экономистердің көпшілігі, қысқа мерзімді кезеңде Филлипс қисығының қалпы :

A) Күтілетін инфляцияның деңгейіне тәуелді деп есептейді;

B) Мемлекеттегі салық салу деңгейіне тәуелді деп есептейді;

C) Республикалық бюджеттің тапшылығының шамасына тәуелді деп есептейді;

D) Пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне тәуелді деп есептейді;

Е) Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне тәуелді деп есептейді.

&&& 30

Баяу өрбитін инфляция:



A) Оған нарықтың негізгі агенттері бейімделетін күтілетін инфляцияның қарқынын көрсетеді;

B) Әдетте жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды;

C) Ұсыныс инфляциясының бір түріне жатуы мүмкін;

D) Едәуір тербелуі мүмкін болжанбайтын деңгеймен сипатталады;

Е) Гиперинфляцияның бір түрі.

&&& 31


Сұраныстың өсуімен шартталған инфляция:

A) Әдетте жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды;

B) Ұсыныс инфляциясының бір түріне жатады;

C) Оған нарықтың негізгі агенттері бейімделетін күтілетін инфляцияның қарқынын көрсетеді;

D) Едәуір дәрежеде тербелетін, болжануы мүмкін емес деңгеймен сипатталады;

Е) Гиперинфляцияның бір түрі.

&&& 32

Артық сұраныс туындатқан инфляция:



A) Жиынтық сұраныс қисығының оңға қарай жылжуы салдарынан өрбиді;

B) Жиынтық сұраныс қисығының солға қарай жылжуы салдарынан өрбиді;

C) Жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай жылжуы салдарынан өрбиді;

D) Жиынтық ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуы салдарынан өрбиді;

Е) AS пен AD қисықтарының пропорциональді оңға қарай жылжуы салдарынан өрбиді.

&&& 33


Ұсыныс инфляциясы:

A) Жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай жылжуы салдарынан дамиды;

B) Жиынтық сұраныс қисығының оңға қарай жылжуы салдарынан дамиды;

C) Жиынтық сұраныс қисығының солға қарай жылжуы салдарынан дамиды;

D) Жиынтық ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуы салдарынан дамиды;

Е) AS пен AD қисықтарының пропорциональді солға қарай жылжуы салдарынан дамиды.

&&& 34

Бейімделіп үміттену теориясы атаулы жалақының өсуі инфляция деңгейінің жоғарылауынан төмен болатынын шамалайды және егер, үкімет фискалдық және монетарлық саясаттардың көмегімен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ұмтылса, онда жұмыспен қамтылу:



A) тұрақты болып қалады, ал баға деңгейі ұзақ мерзімді кезеңде өседі;

B) тұрақты болып қалады, ал баға деңгейі қысқа мерзімді кезеңде жоғарылайды;

C) өседі, ал бағалар қысқа мерзімді кезеңде тұрақты болып қалады;

D) және бағалар ұзақ мерзімді кезеңде өседі;

Е) және бағалар ұзақ мерзімді кезеңде төмендейді.

&&& 35


Ұсыныс экономикасы теориясының жақтастарының көзқарастары бойынша стагфляция:

A) Салық салудың шамадан тыс жоғары деңгейінің және болжанбаған инфляцияның салдары;

B) Мемлекеттік реттеудің болмауының нәтижесі;

C) Филлипс қисығының жылжуының нәтижесі;

D) Болжанбаған инфляцияның салдары;

Е) Салық салудың шамадан тыс жоғары деңгейінің салдары.

&&& 36

Нақты жалақы дегенiмiз – бұл:



A) жұмысшының атаулы жалақысына сатып ала алатын тұтынушылық құндардың жиынтығы;

B) жұмыс күшiнiң ұдайы өндiрiсiне қажеттi қызмет және тауарлардың саны;

C) жұмысшы және оның жан ұясының тiршiлiкке қажетті қаржысының сомасы;

D) жұмысшыға ақшалай төлемдердiң сомасы;

E) барлық жауаптар дұрыс.

&&& 37


Нақты жалақы деңгейiндегi өзгерістердi анықтау үшiн, атаулы жалақы деңгейiндегi өзгерістердi мына өзгерiстермен салыстыруға болады:

A) қызмет және тауар бағаларының деңгейiмен;

B) пайда нормасымен;

C) салық мөлшерлемесімен;

D) жұмыс уақыты ұзақтығымен;

E) дұрыс жауап жоқ.

&&& 38

Берілгендердің қайсысы қате:



А) NAIRU (жұмыссыздықтың табиғи деңгейі) қысқа мерзімде тұрақты болады және ұзақ мерзімді перспективада болады

В) NAIRU өзіне уақытша, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықты енгізеді

С) егер жұмыссыздықтың деңгейі NAIRU-ға тең болса, нақты ЖІӨ әлеуетті ЖІӨ-ге тең болады

D) NAIRU-дың өзгеруі Филлипс қисығының жылжуына әкеледі

Е) еңбекақы минимумының өсуі ұзақ мерзімді NAIRUдың өсуінің факторы болып табылады

&&& 39


Күтілім жұмыссыздығы пайда болады, егер ...

А) минималды еңбекақы мөлшері жуық арада өсетіні белгілі болса

В) жұмыссыздық бойынша кепілдік берілсе

С) жұмыскерлер ауа райына байланысты уақытша жұмыстан босатылса

D) еңбекақы мөлшері теңдестік деңгейден асса

Е) уақытша жұмыссыздық болмаса

&&& 40

Толық жұмыспен қамтылу кезіндегі өндіріс көлемі тең болады:



А) ұлттық табысқа

В) таза инвестицияға

С) атаулы ЖІӨ-ге

D) әлеуетті ЖІӨ-ге

Е) үй шаруашылығының жиынтық табыстарына

&&& 41


Бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгеруі:

А) дефляция

В) инфляция

С) стагфляция

D) дефляция немесе инфляция

Е) рессеция

&&& 42

Орташа баға деңгейінің төмендеуі ...



А) сұраныс инфляциясы

В) инфляция

С) стагфляция

D) дефляция

Е) ұсыныс инфляциясы

&&& 43


Қысқа мерзімді кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділік бейнеленеді:

А) Фишер теңдеуімен

В) Филлипс қисығымен

С) Кейнс ережесімен

D) Оукен заңымен

Е) Лоренц қисығымен

&&& 44

(Ү – Ү*) / Ү* = – β (u – u*) теңдеуімен сипатталады:



А) Оукен заңы

Б) Фишер заңы

В) Филлипс қисығы

Г) Лаффер қисығы

Е) Лоренц қисығы

&&& 45


Инфляцияға ыңғайласу – бұл:

А) табысты инфляция деңгейіне индекстеу

Б) нақты табысты көтеру

В) табыстың ең төмен деңгейін көтеру

Г) естен тандыру терапиясы

Е) Кейнсиандық инфляцияға қарсы күресу әдісі




ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. – М.: МГУ, 2004

  2. Агапова Т.А. Макроэкономика для преподавателей. Учебно-методическое пособие. Выпуск 1. – М.: «Дело и сервис», 2003

  3. Брагинский С.В. «Монетаризм как экономическая доктрина» / «Деньги и кредит», 1993. – № 1

  4. Бункина М.К., Семенов В.А. Макроэкономика. (Основы экономической политики): учебное пособие. – М. : "ДИС", 1996. – 120 с.

  5. Бурда М., Вишлош Ч. Макроэкономика: учебник. 2-е изд. / пер. с англ. Г.В. Борисова, И.В. Розмаинского, А.А. Фофанова, К.А. Холодилина. Под ред. В.В.Лукашевича, К.А.Холодилина. – СПб. : Судостроение, 1998. – 544 с.\

  6. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. – СПб. : Питер, 2001. – 115 с.

  7. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С.. Макроэкономика: Учебник. – СПБ. : СПбГУЭФ, 1997.

  8. Гальперин В.М., Моргунов В.И., Игнатьев С.М. Макроэкономика, в 2-х томах. – СПб., 1997.

  9. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Изд-во МГУ, 1997

  10. Задоя А.А. Макроэкономика. – Москва, 2004

  11. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. Избранные произведения. – М. : Экономика, 1993. – 254 с.

  12. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамадиева Б.М. – Алматы, 2004

  13. Киселева Е.А. Макроэкономика – М.: Эксмо, 2005

  14. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций. – М.: Эксмо, 2006

  15. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., Киселева Е.А. – КОГУП, «КОТ», 2004

  16. Макроэкономика./под ред. М.И.Плотницкого. – М.: Новое знание, 2004

  17. Макконнелл К.Р., Брю С.Л.. Экономикс: принципы, проблемы и политика, в 2-х т. – М. : Инфра-М, 1996, 2000.

  18. Мамыров Н.К., Тілеужанова М.А. Макроэкономика. – Алматы, 2003

  19. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации . – СПб.,1994

  20. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – С-Пб.: Питер, 2005

  21. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. – М.: МГУ, 1994

  22. Носова С.С. Экономическая теория – М.: Гуманит, 2003

  23. Пигу А. Экономическая теория благосостояния. – М. : Прогресс, 1985. – 258 с.

  24. Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы: учебное пособие для вузов. – М. : ЮНИТИ, 1997. – 97 с.

  25. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. – М.: Изд-во МГУ, 1998

  26. Селищев А.С. Макроэкономика. – СПб.: Питер, 2005

  27. Соболева И.Я. Маркетинг. Менеджмент. Микроэкономика. Макроэкономика. – Алматы, 2006

  28. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. «Сөздік-словарь», 1999.

  29. Туманова Е.А. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода. Москва, 2004

  30. Экономическая теория: Микро и макроэкономика. Учебное пособие./ под ред. М.И.Плотницкого. – Минск: КН. Дом, 2005

  31. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. – Алматы: Аркаим, 2003. – 120 б.

  32. Экономическая теория: задачи, логические схемы, методические материалы: учебник для вузов / под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: – СПб. : Питер. 1999.

  33. Экономическая теория / под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: учебник для вузов. 3-е изд. – СПб. : СПбГУЭФ, Питер. 2000.

  34. Экономическая теория: практикум / под ред. Н.И. Базылева, Л.В. Воровьевой. 2-ое изд., – Минск БГЭУ, 2000.

  35. Фридмен М. Количественная теория денег. – М. : Эльфпресс, 1996. – 320 с.

  36. Хейне П. Экономический образ мышления. / пер. с англ. – М., 1991. – 298 с.


Мазмұны





Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер,

жұмыссыздық, инфляция



3

1

Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық

көрсеткіштер серпіні. Әлеуетті ЖІӨ


3

2

Жұмыссыздық және оның түрлері. Жұмыссыздықтың

табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін

реттеу


7

3

Инфляция деңгейі. Сұраныс инфляциясы және ұсыныс

инфляциясы. Болжанған және болжанбаған инфляция



11

4

Жұмыссыздық пен инфляцияның арабайланысы

20




Негізгі түсініктер

22




Есептер

23




Тестлер

25




Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

33




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет