Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Пайдалану үдерісінің элементтері



Pdf көрінісі
бет19/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Пайдалану үдерісінің элементтері 2.5-кесте 
Элемент 
Сипаттамасы
Қорғау
Ақпаратты жəне деректерді оларға жіберілмеген
адамдар не жүйелер оларды оқи не өзгерте 
алмағандай, ал жіберілген адамдар не жүйелерге 
қолжетімдік шектелмегендей сақтау
Бағдарламалық 
Машиналық бағдарламалар, рəсімдер жəне, бəлкім, 
өнім 
олармен байланысты құжаттама мен деректер жинағы 
Жүйе
Үдерістерден, 
техникалық 
жəне 
бағдарламалық 
құралдардан, құрылғылардан жəне персоналдан 
тұратын, 
белгіленген 
қажеттіліктерді 
немесе 
мақсаттарды қанағаттандыру мүмкіндігіне ие кешен
Пайдаланушы 
Қолданыстағы жүйені нақты функцияны орындау үшін 
пайдаланатын адам немесе ұйым
 
Жүйені бӛлшектеу. Пайдаланушы немесе сүйемелдеуші ұйым 
тарапынан қолданыстағыжүйені бесленді қолдауды тоқтатуы, оны 
жаңа жүйемен ішінара немесе толық ауыстыру немесе жаңғыртылған 
жүйені қолданысқа енгізу жүйені бӛлшектеу деп аталады.  


42 
Жүйенің өмір циклі уақты ішінде өтетін бірқатар үдерістерді 
қамтиды. ISO 12207 стандартында мынадай үдерістер белгіленген: 
жүйеге тапсырыс беру, жүйені тұтынушыға жеткізу, жүйені əзірлеу, 
пайдалану үдерісі, соның ішінде жүйені сүйемелдеу. 
Жүйеге тапсырыс беру мынадай жұмыстарды орындауды 
көздейді: 
• 
тапсырысты орындауға дайындалу; 
• 
мердігерлікке өтінімді дайындау
• 
шартты дайынау жəне түзету; 
• 
жеткізушіні бақылау; 
• 
шарттарды қабылдау жəне жабу. 
Бұл ретте тапсырыс беруші тəуекелді жəне құндық шығындарды 
есепке ала отырып, ең оңтайлы таңдау жасау мақсатында тапсырысты 
іске асыру нұсқаларын қарап шығу қажет екендігі белгіленеді. 
Мынадай нұсқаларды талдап шығу ұсынылады: белгілі бір талаптарға 
сəйкес келетін дайын жүйені сатып алу; жүйені өз күшімен əзірлеу; 
жүйені шарттық негізде əзірлеу; қолданыстағы жүйені жаңғырту. 
Дайын бағдарламалық өнімді сатып алған кезде мынадай 
шарттарға назар аудару қажет: жүйе қойылған талаптарға сай; тиісті 
құжаттамасы бар; меншік, пайдалану, лицензиялау жəне кепілдік беру 
құқықтары сақталған; жүйені кейіннен қолдау көзделген. 
Тапсырыс беруші тапсырыс жоспарын дайындауға, құжаттық 
рəсімдеуге жəне орындауға тиіс. Жоспарда: 
• 
жүйеге қойылатын талаптар; 
• 
жүйенің жоспарланатын жүктемесі; 
• 
іске асырылатын шарттың түрі; 
• 
шартқа қатысатын ұйымдардың міндеттері; 
• 
шартты іске асыру тəсілдемелерін қамтамасыз ету; 
• 
ықтимал қатерлі оқиғаларды талдау, сондай-ақ осындай 
оқиғаларды басқару əдістері болуы тиіс. 
Тапсырыс беруші жүйеге қойылатын талаптарды құжаттық 
рəсімдеуге тиіс. Талаптар енгізілген құжаттама жүйеге қойылатын 
негізгі талаптарды қамтуы тиіс: жүйені қолдану саласының 
сипаттамасын; бағдарламалық өнімдер тізімін; тапсырысты іске асыру 
мерзімдері мен шарттарын; техникалық шектеулерді.
Жүйені тұтынушыға жеткізу мынадай жұмыстарды орындауды 
көздейді: 
• 
жүйені əзірлеуге дайындалу; 
• 
шартты дайындау; 
• 
жұмыстарды жоспарлау; 
• 
орындау жəне бақылау; 
• 
тексеру жəне бақылау; 
• 
жеткізу жəне шартты жабу. 


43 
Жоспарлауға талаптар белгіленгеннен кейін жеткізуші əр нұсқаны 
іске асырған кездегі қатерлерін талдау нəтижелерін салыстырып, 
жүйені əзірлеу нұсқаларын қарастыруға тиіс. Бұл ретте мынадай 
нұсқалар талданады: жеткізушінің ішкі ресурстарын пайдалана 
отырып, бағдарламалық өнімді əзірлеу немесе бағдарламалық 
қызметті ұсыну; қосалқы мердігерлік шарттарды жасасып, 
бағдарламалық өнімді əзірлеу немесе бағдарламалық қызметті ұсыну; 
ішкі немесе сыртқы бағдарламалық қамсызандыруды əзірлеушілерден 
дайын бағдарламалық өнімдерді алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет