Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет24/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

талдау ол үшін ақпараттық жүйе əзірленетін қолда жоқ объектіні 
модельдеуге бағытталған. Мәндік саланы талдауол үшін ақпараттық 
жүйе жобаланатын объектіні белгілеуді көздейді. Жүйелік 
талдаушы осы объектіні құрылатын модельде белгілі бір дəлдікпен 
көрсетуге тиіс.
Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптардың негізгі көзі 
тапсырыс берушінің жүйені əзірлеуге ниет білдіруі болып табылады. 
Тапсырыс 
берушінің 
ниеті 
бизнес-талаптар 
жəне 
пайдаланушылардың талаптары түрінде қалыптастырылады.
Басқа мəліметтер көзі — мəндік саланы талдаған кезде 
белгілеуге болатын объектілер жинағы, мысалы, ерекшеліктер, 
жұмысты орындаушылар, лауазымдық нұқсаулықтар жəне т.б. 
Талаптарды айқындау үшін түрлі əдістемелер пайдаланылады. 
Олардың ең тиімділерін қарастырамыз. 
«Ең озық тәжірибелер». Бұл компаниялардың нақты мəндік 
саладағы табысты қызметінің модельдері. 
Сұхбат алу. Жүйенің əлеуетті тапсырыс берушісімен сұхбаттасу. 
Ол үш үдеріс негізінде құрылады: дайындау, жүргізу жəне аяқтау. 
Сауалнамалау. Деректердің қағаз тасымалдағышындағы белгілі 
бір нысан арқылы жүйенің пайдаланушысымен өзара əрекеттесу 
үдерісі. Пайдаланушы бірнеше сұрақтарға жауап беріп, нысанды 
толтыруға тиіс.
Модельденетін жүйенің жұмысын бақылау. Бейтарап жəне 
белсенді бақылауды ажыратады. Белсенді бақылау кезінде жүйелік 
талдаушы жобалаушылар ұжымына тікелей кіріп, жүйені əзірлеу 
үдерісіне қатысады. 
Ұйымның 
із 
жүргізу 
үдерісінде 
тікелей 
айналатын 
құжаттарды талдау. Жүйе туралы бастапқы түсінікті алу үшін 
пайдаланылады.  
Ой-талқы. Осы əдістеме құрылатын ақпараттық жүйенің көзге 
бірден түспейтін түрлі ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Ой-талқыны жүргізген кезде жүйелік талдаушылар ұжымы 
құрамында мынадай топтар белгіленеді: «генераторлар» — белгілі 
бір уақыт аралығы ішінде талданатын ұйымның- келешек жүйені 
енгізу объектісінің мүмкін болғанша көбірек ерекшеліктерін 
айқындауға тиіс адамдар, «скептиктер» — талдаушылар белгілеген 
ақпаратты талдайды жəне ең маңызды жəне сенімді фактілерді 


53 
іріктеп алады.
Пікірсайысты ұйымдастыруды «үйлестіруші» бақылайды.
JAD-кеңестер. IBM компаниясымен ұсынылған əдістеме.
Кеңесті өткізетін талдаушылар тобы құрамына мына адамдар кіреді: 
тұлғааралық коммуникациялар саласындағы маман — ақпараттық 
жүйенің мəндік саласында хабардар болуы тиіс, бірақ ақпараттық 
жүйелерді əзірлеу проблемаларында –сонша жақсы емес,
кездесудің 
стенографшысы 
оның 
нəтижелерін 
деректердің 
электронды 
тасымалдағышында 
тіркейді, 
пайдаланушылар 
талаптарды қалыптастырады, əзірлеу үдерісіне қатысады; жүйенің 
əзірлеушілері проблемалық саланы жақсы түсіну үшін бейтарап 
режимде жұмыс істейді.
Түптұлғалау. Бұл жүйенің жаңа моделін құру. Модель онда 
орындаушы тапсырыс берушінің талаптарын қалай түсінгені 
көрсетілетін «айна» болып табылады.
Жүйеге қойылатын талаптарды айқындау нəтижесі олардың 
арнайы тізбесін – тізілімді қалыптастыру болып табылады.
Тізілімдегі талаптар «пайдалану нұсқалары» жəне «акторлар» тізбесі 
болып табылады. пайдалану нұсқасын белгілеудің басқа нұсқасы — 
прецедент. Прецедент — екі негізгі қасиеттерге ие жүйенің 
функциясы: ол нақты пайдаланушыға пайдалы болуы тиіс жəне оны 
пайдалану нақты нəтижені алуға мүмкіндік береді. Актор — бұл 
функцияны орындаудың бастамашысы. Актор ретінде жүйенің 
пайдаланушысы, қосалқы жүйе, басқа жүйе жəне т.б болуы мүмкін.
Тізілім глоссариймен — мəндік саланың терминдері мен 
объектілері сөздігімен толықтырылады. 
Талаптарды басқару — бұл жүйеге қойылатын талаптарды 
айқындауға, ұйымдастыруға жəне құжаттауға жүйелік тəсілдеме, 
сондай-ақ клиент пен əзірлеу тобы арасындағы жүйеге қойылатын 
талаптарды өзгерту жайындағы келісімді орнату жəне қолдау. Осы 
келісім, бастапқы талаптардың мəтіндері сияқты, құжаттық 
рəсімдеуге жатады.
Талаптарды басқару жөніндегі əрекеттерге: 
• 
талаптардың негізгі нұсқасын анықтау (өнімнің нақты 
нұсқасы үшін талаптардың мезеттік кесіндісі); 
• 
талаптарды ұсынылатын өзгерістерін қарап шығу жəне əр 
өзгерістің ықтимал əсерін оны қабылдау алдында бағалау; 
• 
талаптардың мақұлданған өзгерістерін жобаға белгіленген 
əдіспен енгізу; 
• 
жоба жоспарын талаптармен келісу; 
• 
талаптарды өзгертудің бағаланған əсеріне негізделген жаңа 
мəн-жайларды талқылау; 
• 
жобалауға дейінгі жекелеген талаптарды, бастапқы кодты жəне 


54 
тестілеу нұсқаларын қадағалау; 
• 
талаптардың жəне оларды өзгерту жөніндегі əрекеттерді 
мəртебесін барлық жоба бойы қадағалау жатады. 
Жүйеге қойылатын талаптар негізінде талаптардың базалық 
нұсқасы – əзірлеушілер оларды жүйенің белгілі бір нұсқасында іске 
асыруға міндеттенген функционалдық жəне фнункционалдық емес 
талаптар жинағы жатыр. 
Талаптарды басқару үдерісі: 
а) талаптардың түрлі құжаттарының нұсқаларын бақылау 
жөніндегі құралдарға, амалдарға келісімдерге; 
б) талаптардың базалық нұсқасын жасау қағидаларына; 
в) пайдаланылатын талаптардың мəртебесіне жəне оларды 
өзгертуге құқығы бар адамдар санаттарына; 
г) жаңа талаптар жəне қолданыстағы талаптардың өзгерістері 
олар арқылы ұсынылатын, өңделетін, талқыланатын жəне барлық 
мүдделі тұлғаларға берілетін тəсілдеріне; 
д) ұсынылған өзгеріс əсерін талдау əдістеріне; 
е) жобаның жоспарлары жəне міндеттемелерінің талаптардың 
өзгерістерімен байланысын қадағалауға негізделеді. 
Талаптарды құжаттау үшін талаптардың атрибуттері ұғымы 
пайдаланылады. Талаптардың мынадай атрибуттері белгіленеді: 
• 
талаптың құрылған күні; 
• 
оның ағымдағы нұсқасының нөмірі; 
• 
талаптың авторы; 
• 
талапты қанағаттандыру үшін жауапты адам; 
• 
талап үшін жауапты адам немесе мүдделі тұлғалар тізімі
(ұсынылған өзгерістер туралы шешім қабылдау үшін); 
• 
талаптың жай -күйі; 
• 
талаптың шығу тегі немесе көзі; 
• 
талаптың қисынды негіздемесі; 
• 
талап оған арналған қосалқы жүйе (немесе қосалқы жүйелер); 
• 
талап оған арналған өнім нұсқасының нөмірі; 
• 
пайдаланылатын тексеру əдісі немесе жарамдылығын тестілеу 
критерийі; 
• 
іске асыру басымдығы
• 
талаптың тұрақтылығы. 
Жүйеге қойылатын талаптардың орындалуын бақылау «орындау 
мəртебесі» ұғымы арқылы жүргізіледі. Мəртебе талаптың жағдайын 
көрсетеді (2.9-кесте). 
Талаптарды басқару бойынша негізгі еңбек шығыны: 
• 
талаптарды жəне жаңа талаптарды өзгерту ұсынысы; 
• 
ұсынылған өзгерістерді бағалау, соның ішінде өзгерістердің 
əсерін бағалау; 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет