Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет25/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Талаптың жағдайы 2.9-кесте 
Жағдайы
Сипаттамасы
«Ұсынылды» 
Талап авторландырылған көзбен сұратылды 
«Мақұлданды» Талап талданды, оның жобаға əсері есептелді, ол 
жүйенің базалық нұсқасында орналастырылды . Жобаға 
мүдделі тұлғалар осы талаппен келісті, ал жүйенің 
əзірлеушілері оны іске асыруға міндеттенді
«Іске асырылды» Талапты іске асыратын жобалық шешім орындалды
«Тексерілді» 
Талап бақыланатын үлгіде тексерілді. Талап аяқталды 
деп есептеледі
«Алып тасталды» Бекітілген талап базалық нұсқадан алып тасталды.
Алып тастау себебі жəне осы шешімді қабылдаған 
орындаушы көрсетіледі
«Қабылданбады» Талап ұсынылды, бірақ келешек нұсқалардың біреуінде 
де іске асыруға жоспарланған жоқ . Алып тастау себебі
жəне осы шешімді қабылдаған орындаушы көрсетіледі 
• 
жұмысты өзгерту; 
• 
талаптар құжаттамасын немесе деректер қорын жаңарту; 
• 
талаптарды өзгерту туралы мүдделі топтарға жəне жекелеген 
тұлғаларға хабарлау; 
• 
бақылау жəне талаптардың жағдайы туралы есеп беру
• 
талаптарды трассалау туралы ақпаратты жинау. 
Талаптарды 
қалыптастыру 
үдерісін 
басқарған 
кезде 
жоспарланбаған ӛзгерістерді есепке алу қажет, бұл жаңа 
функционалдықты ұсыну жəне жобаға қойылатын талаптардың 
базалық нұсқасын бекіткеннен кейін мəнді түрлендіру ретінде 
түсіндіріледі. Осындай өзгерістерді есепке ал үшін арнайы орган – 
өзгерістерді басқару жөніндегі кеңес құрылады.
Өзгертуге сұрау салу қабылдануы немесе қабылданбауы мүмкін. 
Бірінші жағдайда оны жоба бойынша жұмыстар жоспарына енгізу, 
екінші жағдайда – дəлелді бас тартуды тұжырымдау қажет.
талаптарды өзгерту жайында шешім қабылдаған кезде əдетте 
өзгерістің тапсырыс беруші үшін маңыздылығы дəрежесіне жəне 
жүйенің əзірлеушісі шегетін шығындарға сүйенеді.
Тапсырыс беруші оларды ұсынған сəттен бастап орындаушы 
іске асырған сəтіне дейін талаптардың дамуын қадағалау үшін 
талаптарды 
трассалау 
технологиясы 
қолданылады.
Талаптардытрассалау оларды ек бағытта: тапсырыс берушіден 


56 
орындаушыға дейін жəне орындаушыдан тапсырыс берушіге дейін 
сəйкестендіргеннен кейін орындалады. Трассалау үдерісінде 
əзірлеу үдерісіне ілесетін элементтерді – құжаттар, бағдарламалық 
кодтың модульдері, ерекшеліктер жəне т.б. түріндегі объектілерді
дұрыс іске асыруын есепке алу ұсынылады.
RUP əдіснамасы жоба бойынша жұмыстарды жоспарлаудың екі 
деңгейлі схемасын ұсынады. Бұл ретте жобаның жоспары жəне 
итерация жоспары жасалады. Жобаның жоспары сатыларға 
бөлінеді: бастау, нақтылау, құрылымдау, келесі кезеңге өту. 
Жобаның күрделілігі дəрежесіне жəне жүйе əзірлеушілерінің 
біліктілігіне байланысты əр сатыда жекелеген кезеңдер — ите-
рациялар белгіленеді.
Талаптардың қозғалысы тұрғысынан оларды төрт сыныпқа 
бөлуге болады. Оларды былай шартты белгілейміз: тапсырыс беруші 
— талап; талап — жүйе; жүйе — талап; талап — тапсырыс беруші. 
Талаптарды орындау үдерісін бақылау үшін талаптар матрицасы 
деп аталатын арнайы кестені пайдалану ұсынылады (2.10 кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет