Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет170/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204
8сынып физика (2)

түзу-
сызықты таралу заңына және шағылу заңына сүйеніп; екінші жағынан, 
жарықтың 
шашыратылған сәулелер шоғы және жинақталған сәуле- 
лер шоғы ұғымдарын пайдаланып түсіндіре аламыз. Көрсетілген заңдар 
мен ұғымдарға сүйеніп, шамның көзге көрінетін жалған бейнесінің қа- 
лай пайда болатынын көрсетейік. Шамның әр нүктесінен жан-жағына 
радиал бағытта шашыратылған сәулелер шоғы тарайды. Олардың бәрі 
бірдей айна бетіне түсіп шағылмайды. Шамнан айнаға түсіп шағылған 
шашыратылған сәулелердің ішінен көзге тек қызыл және жасыл түспен 
шектелген сәулелер ғана түседі (сурет 7.7, 
а). Көз өзіне түзу түсетін 
сәулелерді ғана көретіндіктен, айнадан шағылған жасыл және қызыл 
түсті сәулелер жатқан түзулердің қиылысқан тұстарындағы бейнені 
көреді. Алайда көзге түзу бойымен көрінген бұл бейне ақиқат дененің 
өзі емес, тұрған орнын өзгерткен жалған көшірмесі болып табылады.
Сурет 7.6. Жарық сәулелерінің әртүрлі беттерден шағылуы
а)
ә)
б)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


184
Шамның жалған бейнесін (сурет 7.7, 
а) айнадан шағылған сәулелер 
арқылы көргені сияқты, көз АВ кесіндісін де (сурет 7.7, 
ә), баланың да 
(сурет 7.7, 
б) айнадағы жалған бейнелерін көре алады. Өйткені кесінді мен 
баланың бойындағы әр нүктеден айнаға түсіп, белгілі бір бұрыштармен 
шағылған сәулелер көзге түседі. Ал көз осы сәулелердің бойымен тура 
(түзу) бағыттағы нүктелерді айнадан көреді. 
6. Тәжірибелер мен салынған суреттер жазық айнадағы бейнелерді 
ұтымды да оңтайлы салудың жолын көрсетеді. Ол үшін дененің қалаған 
нүктесінен (мысалы, А нүктесінен (сурет 7.7, 
б)) айнаға перпенди-
куляр түсіріп, оның айна сыртындағы созындысы бойына нүктеден 
айнаға дейінгі қашықтықты өлшеп салып, оның айнадағы А

кескінін 
алады. Осы әдіспен АВ вектордың айнадағы А
1
В
1
кескіні оңай салы-
нады. Оны салғанда екі нүктенің (бастапқы және соңғы нүктелердің) 
ғана айнадағы бейнелерін тауып, олардың арасын түзумен қосады. 
Күрделі нәрсенің айналық кескінін салу үшін, әрине, нүктелер саны 
жеткілікті болатындай таңдалып алынады (сурет 7.7, 
б).
Осы әдісті қолданып, басқа да күрделі суреттердің (мысалы, өз 
фотосуреттеріңнің) жасанды айналық көшірмесін де салуға болады. 
Ол үшін көшірмесі салынатын суретті ақ қағаз бетіне жапсырып
оған таяу айналық бет ретінде вертикаль сызық жүргізеді де, жоғарыда 
көрсетілген әдіспен суреттің айнадағыдай жасанды көшірмесі салынады. 
Нәрселердің айнадағы кескіндерін жоғарыда көрсетілген әдістер-
мен салу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет