185
7. Көне заманда бұрылыстарға
жазық айналарды орналастырып,
пирамидалардың ішкі бөлмелерін Күн сәулесімен жарықтандырған.
Қазіргі заманда жазық айналар тұрмыста да, өндірісте де, әртүрлі
ғылыми-техникалық аспаптар мен қондырғыларда да кең қолданылады
(сурет 7.8). Мысалы, Күн сәулесімен жұмыс жасайтын әртүрлі қон-
дырғылардың коллекторына Күн энергиясын қосымша бағыттау
үшін жазық айналар пайдаланылады. Медицинада ағзалардың көзге
тікелей көрінбейтін бөліктерін бақылайтын
стоматалогиялық аспап-
тарда, сондай-ақ хирургияда шағылған сәулелерді емделетін ағзаға
тура бағыттайтын қондырғыларда айналар
негізгі тетіктер қатарына
жатады.
Телескоптарда, сүңгуір қайықтарда (сурет 7.8,
а), кинопроекция-
лық аппараттарда, перископтарда (сурет 7.8,
ә) т.б.
құралдарда нәрсе-
нің кескінін ыңғайлы орынға көшіріп, қауіпсіз бақылау үшін де жазық
айналар жүйесі көп көмегін тигізеді.
1. Жарық сәулелері денелердің беттерінен қандай жағдайда толық немесе
жартылай шағылады? Айнадай жалтыр бет деп қандай бетті айтады?
2. Жарық айнадай беттен қалай шағылады және оны қандай аспаптың
жәрдемімен зерттейді? Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы деп қандай
бұрыштарды айтады? Суретін салып түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: