Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


тұйық жүйедегі денелердің толық энергиясы сақталуы  үшін екі шарт орындалуы қажет:  біріншіден



Pdf көрінісі
бет35/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204
8сынып физика (2)

 тұйық жүйедегі денелердің толық энергиясы сақталуы 
үшін екі шарт орындалуы қажет: 
біріншіденсыртқы күштердің жұмысы 
нөлге теңелуі керек (А
сырт 
= 0), яғни жүйе толығымен тұйықталуға 
тиіс; екіншіден, қарастырылып отырған жүйе өзін қоршаған ортамен 
жылу алмаспауы қажет (Q
сырт 
0).
Энергияның сақталу және айналу заңы табиғаттың әмбебап іргелі 
заңы болып табылады. Бұл заң жалпы түрде былайша тұжырымдалады:
Табиғатта орын алатын барлық құбылыстарда энергия жойыл-
май сақталады және бір түрден екінші түрге айнала алады.
1. Механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады? 
Механикалық энергия өзгерісі мен жұмыстың арасындағы байланыстың 
физикалық мағынасын қалай ашуға болады? 
2. Нақты жағдайда денелер жүйесінің механикалық энергия сы сақтала 
ма? Түсіндіріңдер.
3. Нақты жағдайда денелер жүйесінің механикалық энергиясының сақ-
талмайтындығын қалай түсіндіреміз? Ол мүлдем жоғалып кете ме?
4. Табиғаттың әмбебап іргелі заңы – энергияның сақталу заңы қалай 
тұжырымдалады? 
5. Денелер жүйесінің толық энергиясы қандай жағдайларда сақталады?
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


44
20 немесе 50 теңгелік металл ақшаны ағаш тақтайша бетіне жанастыра 
қаттырақ қысып, оны саусақтарың жылуды сезінгенше бірдей аралықта 
әрі-бері ысқылаңдар. Ысқылау уақытында монетаның қандай жол 
жүргенін анықтаңдар. Тәжірибені қайталай отырып, металды қатты 
қыспай тағы да сондай жол жүретін аралықта ысқылаңдар. 
Үйкеліс күші, жұмыс, энергияның сақталу және айналу заңы тура-
лы білімдеріңді пайдалана отырып, екі тәжірибенің нәтижелерін 
түсіндіріңдер.
«Ағаш тақтайшаның орнына көлемі дәл сондай металл тақтайша алып, 
тәжірибелерді қайталап жасаса не болар еді?» деген сұраққа жазбаша 
жауап қайтарыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет