Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы
оның астарының
ауданына және астарлар арасындағы ажыратқыш заттың
диэлектриктік өтімділігіне тура пропорционал, ал астарлардың
арақашықтығына кері пропорционал:
С =
εε
0
S
d
,
мұндағы:
ε – ажыратқыш заттың диэлектриктік өтімділігі (кестелерден
табылады);
ε
0
–
электр тұрақтысы; S – бір астардың ауданы; d –
астарлардың арақашықтығы.
1.
Потенциалдық өріске қандай өрістер жатады? Ерекшеліктері қандай?
2. Кернеу және потенциалдар айырымы деп қандай физикалық ұғымдарды
айтамыз? Олар қандай формулалармен өрнектеледі? Немен өлшенеді?
3. Электр өрісі қандай физикалық шамалармен сипатталады? Олардың
арасындағы байланыс қандай формуламен өрнектеледі?
4. Конденсаторлар не үшін қолданылады, ортақ құрылымдары қандай?
5. Конденсатордың электр сыйымдылығы деп қандай физикалық шаманы
айтады және ол қандай бірлікпен өлшенеді?
6.
Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы қалай анықталған және
қандай шамаларға тәуелді?
1. 4 · 10
–9
Кл зарядтан 10 және 20 см арақашықтықта орналасқан екі
нүктенің арасындағы потенциалдар айырымын анықтаңдар.
2. 2,6•10
–7
Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне дейін
жылжытқанда өріс 13 · 10
–5
Дж жұмыс атқарады. Осы өріс нүктелерінің
потенциалдар айырымы қандай?
3. Сыйымдылығы 10
–6
фарад болатын конденсаторға 4,4•10
–4
Кл заряд
беру үшін оны қандай кернеуге дейін зарядтайды?
4. Сыйымдылығы 0,02 мкФ жазық конденсатордың заряды 10
–8
Кл. Кон-
денсатор астарларының арақашықтығы 5 мм. Олардың арасындағы
өрістің кернеулігі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |