?
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
1799 жылы итальяндық өнертапқыш Алессандро Воль-
та алғаш рет қарапайым электр тогының көзін ойлап тап-
ты. Ол дөңгелектеп кесілген үш заттан тұрады. Мыс және
цинк дөңгелек табақтарының араларына шұғадан жасалған
дөңгелек материал жапсырылып, күкірт қышқылына малынды.
Бақылау цинк табағының ери бастағанын, ал мыс табағының
бетінде көпіршіктердің пайда болғанын көрсетті. Күкірт
қышқылы сіңірілген шұғамен бөлінген металл табақтарды
өткізгішпен жалғағанда олардың ұштарында әлсіз 1 вольт ша-
масында потенциалдар айырымы пайда болды. Осылайша,
алғаш рет электр тогының көзі жасалды. Ол үш элементтен
тұратын токтың көзін басқа итальяндық ғалымның құрметіне
«Гальвани элементі» деп атауды ұсынды.
А. Вольта өткізгіштердің ұштарындағы потенциалдар
айырымын (кернеуді) үлкен шамаға жеткізу үшін табақтарды
бірінің үстіне бірін бағаналай қойып биіктетті. Бағана биіктеген
сайын потен циалдар айырымы да өсе түсті. Электр тогының
мұндай көзі «Вольта бағанасы» деген атаумен физика тари-
хына енді.
«Вольта бағанасы» арқасында физика тарихында екі ұлы
жаңалық ашылды. Олардың бірі – электролиз құбылысының
ашылуы. 1800 жылы Никольсон мен Карлайл электролиз
арқылы судан сутек пен оттек газдарын жеке-жеке бөліп алды.
Дэви 1807 жылы электролиз құбылысы негізінде калий мета-
лын тапты.
Екінші ұлы жаңалық – металдарды үлкен температурада «пісіретін» электр
доғасы ашылды. Орыстың даңқты физиктерінің бірі – Василий Петров 1803 жылы
кернеуі 2500 вольт болатын ең қуатты «Вольта бағанасын» 4 200 мыс және цинк
табақтарынан құрастырып жасады. Кернеуі үлкен оң және теріс полюстерге
жалғанған екі көмір өткізгіштің ұштарын жақындатқанда олардың арасында тем-
пературасы аса жоғары доға тәрізді жалындаған от пайда болды. Міне, осылайша
тағы бір тамаша құбылыс – электр доғасы ашылды.
Вольтаның ашқан тамаша жаңалығын көптеген елдердің ғалымдары мен мем-
лекет қайраткерлері үлкен құрметпен қабылдады. Мысалы, Наполеон Вольтаны
Парижге шақырып, аса жоғары марапаттаулар мен сый-құрмет көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |