148
лит ерітінділері арқылы электр тогының әртүрлі мөлшерін өткізіп, оларға
сәйкес электродтарда бөлінген заттардың массаларын таразыда өлшеу арқылы
анықтап отырды. Көптеген өлшеулердің нәтижелерін салыстыра келіп, Фа-
радей 1832 жылы электролиз процесінде бөлінетін заттардың массаларының
ток күшіне тәуелділік заңдылығын ашты. Эксперимент жүзінде ашылған бұл
заңдылық
Фарадей заңы деп аталады да, былайша тұжырымдалады:
Электролиз кезінде электродта бөлінетін заттың массасы элек-
тролиттен өтетін зарядтың мөлшеріне тура (немесе ток күшіне)
пропорционал:
m = kq = kIt,
мұндағы:
m – бөлінген заттың массасы;
q = It – электролит арқылы
t
уақытта
өткен зарядтың мөлшері;
I – электролиттен өткен ток күші;
k – электрхимиялық эквивалент деп аталатын пропорционалдық коэф-
фициент.
7. Электролиттерден
ток өткен кезде электродтарда заттардың бөліну
құбылысы өнеркәсіпте кең қолданыс тапты.
Электролиз құбылысының
ашылуы өнеркәсіпте бұрын болмаған
электрметаллургия, гальваносте-
гия және
гальванопластика сияқты жаңа салаларды туғызды.
Электрметаллургияда бірталай түсті металдарды электролиз тәсі-
лімен өндіреді. Мысалы, 2007 жылы Павлодарда ашылған «Қазақстан-
дық электролиз зауыты» (сурет 5.31) тазалығы 99,85%
болатын алю-
миний құймаларын осы тәсілмен балқытылған боксит кенінен тұрақты
электр тогын өткізу арқылы шығарады.
2011 жылы Өскеменде ашылған мыс зауытында
қара мыс екі кезең-
нен тұратын электролиздік өңдеулерден өтеді. Бірінші кезеңде анодталған
өңдеуден өтіп, рафинадталған мыс алынады. Екінші кезеңде рафинадтал-
ған мыс электролизде
тағы да мұқият өңделіп,
тазалығы аса жоғары
Сурет 5.30.
Электролит
Сурет. 5.31.
Павлодар электролиз зауыты
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
149
(99,97 және 99,99%) мыс өндіріледі. Өскеменнің металлургиялық ком-
бинаттарында электролиз тәсілімен басқа да бағалы металдар (мысалы,
тазалығы 99,99% алтын) алынады.
Достарыңызбен бөлісу: