Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Балқу температурасы деп заттың балқыған кездегі тұрақты



Pdf көрінісі
бет40/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204
8сынып физика (2)

Балқу
температурасы деп заттың балқыған кездегі тұрақты 
температурасын айтады.
Балқу температурасы тек кристалл денелерге ғана тән. Ал аморф 
денелердің нақты балқу температуралары болмайды. Оларға жылу бер-
ген кезде температурасы үздіксіз көтеріледі де, бірте-бірте жұмсарып ба-
рып сұйық күйге ауысады. Аморф денелердің мұндай қасиеттерін әртүрлі 
формадағы бұйымдар жасау үшін қолданады. Мысалы, 
шыныүрлегіштер 
деп аталып кеткен көне кәсіпті меңгерген мамандардың қызметі әлі 
күнге дейін жоғары бағаланады. Олар қоймалжың күйге келген аморф 
затқа түтікшелерді батырып үрлейді де, қалаған формадағы бұйымдарын 
шығарады (сурет 2.2). 
5. Балқу процесіне қарама-қарсы процесс 
қатаю құбылысын қыс-
қаша сипаттайық.
Қатаю 
немесе кристалдану деп заттың сұйық күйден қатты күйге 
өту процесін айтады.
Кристалл денелердің қатаюы да олардың балқуы сияқты тұрақты 
температурада өтеді. 
Қатаю процесі жүретін тұрақты температураны қатаю немесе 
кристалдану температурасы 
деп атайды.
6. Кристалл дененің балқу температурасы мен қатаю (кристалдану) 
температурасының шамалары бірдей болады. Бұған көз жеткізу үшін 
кристалл мұздың балқуы мен қатаюын зерттеген эксперимент нәтижелері 
бойынша салынған графикті қарастырайық (сурет 2.3).
4 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


50
Температурасы –40
о 
градус болатын ыдыстағы мұзды (сурет 2.3) электр 
плитасымен жайлап қыздыра отырып, температура өзгерісін бақылайық. 
Плитаның қыздыруына қарамастан, мұз бірден ерімейді; тек температу-
расын біртіндеп жоғарылатады (графикте АВ кесіндісі). Мұздың темпе-
ратурасы 0
о
С градусқа жеткенде еру процесі басталады (ыдыстың ішінде 
мұзбен бірге су пайда болады). Алайда плита жылуын беріп тұрса да, 
мұз әбден еріп болғанша температура өзгермейді (ВС кесіндісі). Мұз еріп 
болғаннан кейін судың температурасы 0
о
С-ден 45
о
С-ге дейін көтеріледі 
(СD кесіндісі). 
Енді ыдыстағы ыстық суды аязға шығарып, температурасын 
бұрынғыша тіркеп отырсақ, ол біртіндеп төмендеп 0
0
С-ге жетеді (DЕ 
кесіндісі). Бұдан кейін судың ішінде мұз түйірлері пайда бола бастайды 
да, сырттағы аязға қарамай, су толығымен мұзға айналғанша температу-
ра өзгермей ұзақ уақыт сақталады (ЕF кесіндісі). Қатқан мұздың темпе-
ратурасы 0
0
С-ден төмендеп, сыртқы ортаның температурасымен теңеледі 
(FК кесіндісі). Эксперимент нәтижелерінен мынадай қорытынды туын-
дайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет