Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет84/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   204
8сынып физика (2)

Бір кулон заряд 
деп вакуумда 1 м арақашықтықта орналасқан екі 
бірдей нүктелік денелердің арасында 9 · 10

Í
 күшке тең электрлік 
әрекет туғызатын зарядтың шамасын айтады.
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
Шарль Кулон
1736–1806
Г. Кавендиш 
(1731–1810)
Çарядтард ың өза ра әрекеттесу заңын 1785 жылы Кулон 
баспасөз құралдарында жариялады. С о да н бері бұл заң – 
Кулон заңы деп аталады. 1774 жыл шамасында зарядтардың 
өзара әрекеттесу заңының осындай нұсқасын ағылшын ғалымы 
Г. Кавендиш тапқан екен. Алайда оның алған нәтижелері ақпа-
ра т көздерінде жарияланбай, 100 жылдан аса уақыт б елгі сіз 
күйінде қалады. Сәулелердің толқын түрінде тарайтынын өзі-
нің электрмагниттік өріс теориясында дәлелдеген ағылшын-
ның ұлы ғалымдарының бірі Дж. К. Макс велл архивтен Ка вен-
диштің қолжазбасын тауып, кеш те болса, оны 1879 жылы жа-
риялады. Кавенд иш – айтулы экспериментатор-ғалым еді. Ол
Ньютонның 1666 жылдар шамасында ашқан Бүкіләлемдік тар-
тылыс заңындағы гравитациялық тұрақтыны өзі жасаған аса 
сезімтал бұралма таразыны қолданып, тәжірибеде алғаш 
анықтаған б олатын.
1. Зарядтардың сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу заңын кім ашты? Бұл заң 
қалай оқылады және қалай өрнектеледі?
3. Кез келген орта үшін Кулон заңы қалай жазылады? Ортаның диэлектрлік 
өтімділігі нені білдіреді?
4. Аттас, әраттас зарядтардың арасындағы кулон күштері қалай бағыт-
талады? 
5. «Кулон» бірлігінің физикалық мағынасын қалай түсіндіруге болады?
1. Зарядтары 1 кулоннан болатын ек і нүктелік заряд вакуум да бір-бірінен 
1 км арақашықтықта орналасса, олар қандай күшпен әрекеттеседі?
2. Зарядтары 10
–4
кулоннан болатын екі нүктелік заряд вакуумда бір-
бірінен 1 м арақашықтықта орналасса, олар қандай күшпен әрекеттесе ді?
3. Зарядтары 2,3 · 10
–6 
және 3,5 · 10
–5 
Кл болаты н екі нүктелік заряд ва-
куумда бір-бірінен 1,7 см арақашықтықта орналасқан. Олар қандай 
күшпен әрекетте седі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет