Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРМАҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет170/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРМАҚТАРЫ 
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары да (rami anteriores) аралас, артқы 
тармақтарға қарағанда жақсы жетілген, ІІ-ХІ кеуде тармақтарынан басқасы бір-бірімен 
қосылып өрім түзеді. Адам денесінде басқада сүтқоректілердегідей мойын, иық және бел-
сегізкөз өрімдерін ажыратады. Өрімдердің түзілуі ерте эмбриогенезде қол-аяқ түзілуімен 
байланысты болатын күрделі құбылысқа байланысты. Сонымен қатар, әр сомит элементтері 
айтарлықтай жылжиды (миотомдар, склеротомдар, дерматомдар), нәтижесінде дененің 
нервтендіретін сегментімен байланысын жоғалтпайтын нейриттер де жылжиды. 
Нерв өрімдерінен терілік және бұлшықеттік нервтер шығады. Әдетте олардың 
әрқайсының түзілуіне жұлынның бірнеше сегменттері қатысады. 
МОЙЫН ӨРІМІ 
Мойын өрімі (plexus cervicalis) жоғарғы төрт мойын нервінің алдыңғы тармақтарынан 
түзіледі. Ілмектері сыртынан төс-бұғана-емізік бұлшықетімен жабылған мойын өрімінен 
терілік, бұлшықеттік тармақтар мен аралас көкет нерві шығады. 
Терілік тармақтар. Кіші шүйде нерві (n.occipitalis minor) (C
2
-C
3
) мойын мен бастың 
артқы-латералды бетінің терісін нервтендіреді. Үлкен құлақ нерві (n.auricularis magnus) (C
3

құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінің терісіне барады. Мойынның көлденең нерві
(n.transversus colli) (C
2
-C
3
) мойынның алдыңғы бетінің терісін нервтендіреді. Бұғанаүсті 
нервтері (nn.supraclaviculares) (C
3
-C
4
) көп, бұғанаүсті және бұғанаасты шұңқырлары 
аймағының, дельтатәрізді аймақтың және жауырынның жоғарғы-латералды бөлігінің терісін 
нервтендіреді. 
Мойын өрімінің барлық терілік нервтері мойынның беткей қабатында, төс-бұғана-емізік 
бұлшықетінің орта тұсының артқы жиегінде орналасады. Мұны мойынның өткізгіш 
анестезиясында ескеру керек. 


307 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет