Сонымен қатар оптикалық джойстиктер болады.
Оптикалық
джойстикте потенциометрлердің орнына оптикалық сенсорлар
қолданылады, олар оптикалық тінтуірлерде
қолданатындарға ұқсас
болады. Компьютерге сигнал цифрлық джойстиктердегідей
цифрлық түрде
жіберіледі, бірақ бұл кезде оқудың оптикалық
жүйелері потенциометрлерде болатындай
механикалық тозуға
ұшырамаған.
Тағайындалуы бойынша джойстиктердің келесі
түрлері болады:
■
геймпадтар — нарықта болатын
көптеген құрылғылардың
басымын құрайтын жəне кез келген ойынға үйлесімді əмбебап
ойын бақылауыштары;
■
басқыштары бар рөлдер — автомобильдік жарыс, джиптер жəне
айналмалы
мұнарасы
жоқ
басқа
машиналарда
ғана
қолданылатын ойын бақылаушылары;
■
ұшақ джойстиктері— ұшақ ойындарының барлық түрлеріне,
сонымен қатар «атқыш» пен кез келген басқа ойындарда
қолданылады, джойстик негізінен сол жағында (немесе оң
жағында) қаруды (мұнара) бұру үшін батырмалар болу керектігі
шартымен. Джойстиктердің бөлек модельдерінің өзіне тəн «кері
байланысы» болады:
оларды «ату» үшін қолданғанда тұтқасы шынайы қаруда
болатындай «қайтарым» əсерін береді. Кейбір модельдерде шынайы
ұшу аппаратымен басқаруды ұқсататын
сезінетін кедергі болады
жəне виртуалдық объекттің орын ауыстыруын нақты реттеуге
мүмкіндік береді.
Ресейде джойстиктердің нарықтағы көшбасшылары
Quick Shot
пен
Genius фирмалары болып табылады
.
Достарыңызбен бөлісу: