1.4.
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРЫН ЖІКТЕУ
Ақпараттандырудың заманауи техникалық
құралдарын құрамында
компьютер жəне оның негізгі құрылғыларын қоса алғанда, сондай-ақ
қосымша немесе перифериялық құрылғыларын
қоса алғанда болатын
жалпы жағдайда ақпараттық-есептеуіш кешені түрінде елестетуге
болады. Ақпараттандырудың техникалық құралдары 1.1. суретте
көрсетілген.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары қатарына оның жүйелік
блогында
орналасатын аналық тақтаны, процессор, видеоадаптер
(видеожады),
дыбыстық
картаны,
видеосигналдарды
өңдеу
құрылғылары,
жедел
жады,
қатқыл
магнит
дисктердегі
жинақтауыштар,
оптикалық,
магнит
оптикалық
жəне
өзге
жинақтауыштар,
сондай-ақ CD-ROM, DVD-ROM жинақтауыштар,
қоректену блогы мен суыту жүйесі жатқызылады. Жүйелік блокта
жетектер мен əр түрлі ақпараттарды жинақтауыштар үшін
дискжетектер орналасады.
Әр түрлі тапсырмаларды
шешу кезіндегі перифериялық
құрылғылармен орындалатын функциялардың алуан түрлілігін бірнеше
топқа бөліп қарастыруға болады (1.1 суретті қараңыз).
Ақпаратты бейнелеу (шығару) құрылғылары видео ақпаратты
өңдеу жəне визуалдық қабылдауды ұсыну үшін қолданылады. Ол ең
алдымен заманауи технологиялардың
кең спектрі негізіндегі
мониторлар, соның ішінде 3D-мониторлар.
Көлемді бейнелерді қалыптастыру виртуалды шынайылықтың
шлемдері, 3D-көзілдіріктің жəне əр түрлі қызмет жасау принципіндегі
3D-мониторлар көмегімен жүзеге асырылады. Үлкен аудитория үшін
экран бетінде ақпаратты көрсетуге байланысты тапсырмаларды шешу
үшін əр түрлі проекторларды қолданады.
Телевизиялық тюнер,
бейнемагнитофон, бейнекамера сияқты құрылғылардың сигналдарын
компьютерлік өңдеу үшін, яғни аналогтық формадан сандық формаға
түрлендіру үшін мысалы видеобластер сияқты бейнесигналды өңдеудің
арнайы құралдарын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: