Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет46/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.4.3. 
DVD жинақтауыштар 
1995 ж. Sony фирмасы басқа сегіз фирмалармен бірлесе отырып 
деректерді CD-DVD-ге (Digital Versatile Disk) əмбебап форматын 
ұсындыДеректерді сақтау жəне бейнесуреттерді жаңғыртуға қойылатын 
талаптарды қанағаттандыратын осы формат CD өндірушілері арасында 
белсенді қолдау тапты. 
90 


DVD бес форматы пайда болды: 
■ 
DVD-ROM — үлкен сыйымдылықтағы ақпаратты тек оқуға жəне 
сақтауға арналған тасымалдағыш;
■ 
DVD-видео 
— 
кинофильмдерге 
арналған 
сандық 
деректер
тасымалдағышы; 
■ 
DVD-аудио — CD-аудио форматымен бірдей, ақпаратты дыбыстық 
формада сақтауға арналған;
■ 
DVD-R — CD-R форматына жақын, бір реттік жазу кезінде көп реттік 
оқуды қамтамасыз етеді;
■ 
DVD-RAM — қайта жазылатын DVD нұсқасы, DVD-RW и DVD + RW 
форматтарымен бəсекелеседі.
DVD форматында сақталатын суреттің сапасы кəсіби студиялық 
видеожазбалар сапасымен шамалас, сонымен қоса дыбыстың сапасы 
студиялық дыбыс сапасынан кем түспейді. 
Такие возможности дисков формата DVD форматындағы дисктердің 
осындай мүмкіндіктері дисктердің жұмыс бетінің жақсартылған 
параметрлерімен қамтамасыз етілген. 3.9 суретте CD жəне DVD 
форматында жазылған дисктердің жұмыс беті элементтерінің параметрлері 
келтірілген. 
3.9 
-сурет
. CD жəне DVD форматтағы дисктің жұмыс беттерінің элементтері
91 


CD сияқты, DVD форматтағы дисктің диаметрі 120 мм болады. В приводе 
DVD жетегінде сəулелену толқынының ұзындығы 0,63 ... 0,65 мкм 
болатын жартылай өткізгішті лазер қолданылады. Толқын ұзындығының 
мұндай төмендеуі (қарапайым CD-жетегімен 0,78 мкм салыстыру 
бойынша) жазу штрихтерінің (питтердің) өлшемдерінің екі есе қысқаруын 
қамтамасыз етті, ал жазу жолдары арасындағы қашықтық - 1,6 бастап 0,74 
мкм дейін. Ол CD дисктермен салыстырғанда DVD-дисктерге төрт еселік 
сыйымдылық береді. Питтер ортасынан шетіне қарай деректер жазылған 
спираль жол бойынша орналасады. Жалғыз спираль жол мен үздіксіз 
қалпақша жолы ағындық аудио- жəне видеодеректерді жазу жəне 
жаңғырту үшін оңтайлы болып табылады. 
DVD-дің ерекшелігі ақпаратты бірден көп қабаттан оқуға мүмкіндік 
жасайды. Екіқабатты дисктің төмеңгі қабаты (сур. 3.10, б) қалыңдығы 0,6 
мм поликарбонатты пластиктен жасалған, микроскоптық қалыңдықтағы 
питтері бар спираль жол пресстелген жəне қалыңдығы 0,05 мкм жартылай 
түссіз қабыршықты шағылыстырушы жабын жүргізілген. 
3.10 
-сурет
. DVD-дисктердің құрылымы:
а 
— DVD-ROM біржақты бірқабатты; 
б 
DVD-ROM біржақты екі қабатты
в 
— 
DVD-RW 
92 


Спираль жолы бар екінші түссіз қабат фотополимерден жасалған 
жəне оның қалыңдығы 40 мкм құрайды. Бұдан əрі қарапайым 
шағылыстырушы қабат (0,05 мкм), адгезивті қабат жəне төсем 
болады. Әрбір қабаттан ақпаратты кезектес оқу фокустың қалпын 
өзгерту есебінен қамтамасыз етіледі. Бірінші қабатта жазылған, 
диск тереңдігінде орналасқан ақпарат фокустелген лазер сəулесімен 
оқылғанда сəуле кедергісіз екінші қабат түзетін, жартылай түссіз 
жабын арқылы өтеді. Бірінші қабаттан ақпаратты оқуды аяқтағанда 
лазер сəулесінің фокустелуі контроллер командасы бойынша 
өзгереді. Сəуле екінші (сыртқы) жартылай түссіз жазықтықта 
фокустеледі жəне деректерді оқу жалғасады. 
Механикалық мықтылық тұрғысынан алғанда DVD-дисктердің 
жалпы қалыңдығы СD-дікі сияқты сақталған, яғни 1,2 мм тең. 
Түссіз қабаттың қалыңдығы 0,6-ға дейін кішірейгені, жұмыс 
беттерімен 
жабыстырылған 
қос 
бір 
жақты 
дисктердің 
комбинациясы болатын екі жақты дисктерді ұсынуды мүмкін етті 
(сур. 3.10, а). Сонымен DVD стандарты жұмыс қабаттары санынан 
қисындастыруы мен жақтарынан алынатын жəне мынадай 
сипаттамаларға ие болатын дисктердің бес нұсқасын қарастырады: 
DVD-5 — біржақты бірқабатты диск, сыйымдылығы 4,7 Гбайт; 
DVD-9 — біржақты екіқабатты диск, сыйымдылығы 8,5 Гбайт; 
DVD-10 — екіжақты бірқабатты диск, сыйымдылығы 9,4 Гбайт; 
DVD-14 — екіжақты бірқабатты/екіқабатты диск, сыйымдылығы 
13,2 Гбайт; 
DVD-18 — екіжақты екіқабатты диск, сыйымдылығы 17 Гбайт. 
DVD жетектерінің CD-ROM жетектерімен ортақ нəрселері көп: 
интерфейс ATAPI (IDE) немесе SCSI, негізгі түйін конструктивті 
ұқсас. Алайда CD-ROM дисктерімен қатар DVD- ROM дисктерді 
оқу үшін DVD жетек біршама күрделірек жасалған. Ол CD-ROM 
деректері диск бетіне жақын жазылған соң, ал DVD деректері – 
ортасына таман жазылған деп түсіндіріледі. CD-ROM-мен қатар 
DVD оқылуын қамтамасыз ету үшін сəуле фокустелуін өзгерту 
үшін алғашында əр түрлі фокустық қашықтықтағы линзалар жұбы 
қолданылды. Sony фирмасының дискжетектерінде екі жеке лазер 
орнатылған: CD үшін толқын ұзындығы 780 нм, ал DVD үшін — 
650 нм. В устройствах Panasonic құрылғыларында лазер сəулесі əр 
түрлі фокустелуді қамтамасыз ететін голографикалық оптикалық 
элемент көмегімен ауыстырылады. 
93 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет